«Ұлы Абай ізімен»

Дата: 2018-06-12 14:52:54
«Ұлы Абай ізімен»

        «Ұлы Абай ізімен» атты  қалалық Абай  оқуына  «Балқаш қаласы жалпы білім беретін №5 орта мектебі»КММ-нен үш оқушы қатысып қайтты.              Байқаудың мақсаты: оқушыларға Абай шығармаларын насихаттай отырып, ұлы ойшылдың рухани  мұрасын, тарихи танымдарын ізгілікке, азаматтыққа, парасаттылққа бағдарланған дүниетанымдары мен сана-сезімдерін қалыптастыру.

         Осы орайда қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Имангалиева Ж.М.  А.Н.Ибрайбекова,Б.Т.Адамбаеваның оқушылары үщ түрлі сайыс бойынша бақтарын сынап, мектебіміздің намысын қорғап келді.

     ,,Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы’’-номинациясы бойынша 9-сынып оқушысы Гүлсая Мақажан Абайдың 50 өлеңін жатқа айтып , жүлделі  3-ші орынды иеленді.Жетекшісі: Адамбаева Б.Т.

      «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» жас дарындылар байқауы номинациясы бойынша 9- сынып оқушысы Әзімхан Дінмұхамед өз шығармасын оқып жүлделі 2- орынды иеленді.Жетекшісі: Ибрайбекова А.Н.

       5-сынып оқушысы  «Көңілім әнді ұғады» әнін орындаған Ерланқызы Айханым  3 дәрежелі орын иеленді. Жетекшісі: Имангалиева Ж.М.                                     

Автор: №5 ОМ