Жолдауға қолдау

Дата: 2013-10-29 12:52:16

             Уақыт бізден кәсіби маманды, адам бойындағы басқа қасиеттер арқылы, оның ішінде еңбекқорлық пен кәсіпқойлық арқылы таңдауды талап етуде.
Ал біздің олимпиадашылар нағыз кәсіпқойлық пен еңбекқорлықтың зор үлгісін паш етті.     Елбасы айтып көрсеткеніндей, әлеуметтік мәселелерді кейінге қалдыруға болмайды. Өйткені, халықтың әл ауқатының жақсаруы ең әуелі саналы ұрпақ тәрбиелеудің кепілі болатыны белгілі. Бұл үшін қоғамды негізгі бас идіретін мәселе - әділеттілік қағидаттарын алға шығару деп білеміз. Еңбек сіңіруден бастап марапат беруге дейін мемлекет қана емес, қоғамның да көзқарасы әділ болғаны дұрыс
Сонымен қатар, Елбасы мақаласын кеңінен насихаттау арқылы қоғамда адал еңбектің қадір-қасиетін арттыруға, жастарды масылдық психологиядан арылтуға болады.

Мемлекет басшысының мақаласында сонау 90-ы жылдары «ауырдың үстімен жеңілдің астымен» жүріп, оңай ақшаны ауадан жасау мәселесі туралы айтылды. Өкінішке қарай, бұл қасаң қағида жұрттың санасынан әлі де толық өше қойған жоқ. Кейбір азаматтар жайлы қызмет пен жақсы жалақы тек тамыр-таныстықпен ғана қол жеткізуге болады деп есептейді. Жоқ олай емес! Уақыт бізден кәсіби маманды адам бойындағы басқа қасиеттер арқылы, яғни оның ішінде еңбекқорлық пен кәсіпқойлық арқылы таңдауды талап етуде

Сонымен қатар, дәл осы мәселеге мысал ретінде, яғни кәсіпқойлықтың нағыз үлгісін көрсетуде соңғы күндері барша қазақстандықтарды керемет қуанышқа бөлеп жүрген еліміздің олимпиадашыларын алға тартугаболады. «Біздің спортшылар талаптанды, еңбек етті, тер төкті. Нәтижесінде олимп шыңын бағындырды. Олардың әділ жеңісі бүкіл қазақстандықтарды біріктірді, тұтас ел болып қуанып жатырмыз

Кім талантты, кім еңбекқор сол жеңіске жететініне кәміл сенеміз.

Отандастарымыздың санасына еңбектің қадірі мен кәсіпқойлық рухын сіңіруге тиіспіз. Нағыз еңбектің нәтижесі қоғамда айрықша рух тудырады. Оның пайымынша, рух нәтижелі еңбекке, толайым табысқа жетелейді. «Бұндай рухты спортта ғана емес, еңбектің барлық саласында - өндірісте, шаруашылықта, қызмет көрсету салаларында дендеп енгізуіміз керек. Ең бастысы отандастарымыздың санасына еңбектің қадірі мен кәсіпойлық рухын сіңіруге тиіспіз. Адам өзінің күш-жігеріне, біліміне сеніп ерінбей еңбек еткенде ғана шынайы бақытқа, мол дәулетке жете алатынын ұғындыруымыз керек», - деді ол.
Сонымен қатар, созимнин сонында ұлы Абайдың «Сенбе жұртқа тұрса да қанша мақтап, әуре етеді ішінен қулық сақтап, өзіңе сен өзіңді алып шығар, ақылың мен еңбегің екі жақтап» деген өлеңін әрбір отандасымыз жанында ұстаса ұтатынын айткым келеді.