1 Қыркүйек- Білім күні.

Дата: 2017-10-06 16:30:20
1 Қыркүйек- Білім күні.

        1 қыркүйек-Білім күні!

Құрметті ұстаздар, оқушылар, қадірлі ата-аналар, қонақтар!

Бүгін еліміздің білім беру саласы үшін маңызы аса зор күндердің бірі. Білім күні мәртебесіне ие болған 1 қыркүйек барлық білім беру ошақтарында жаңа оқу жылының бастлуымен ерекшеленіп, жас ұрпақтың болашағы үшн жаңа серпін берер күн.Себебі, әлемдік өркениетке бет алған бүгінгі қазақ елінің болашағы білім мен тәрбие алауын жаққан мектеппен тікелей байланысты.

Бүгінгі жастар ілім-білім жинауға қашанда асығып, тәуелсіз еліміздің игілігі жолында білімдерін ел кәдесіне жаратып, болашақта озық  ойлы, өрісі кең, өрелі азаматтары болуы қажет.  Тәуелсіз еліміздің болашақ иесі - жас ұрпақтың бойында тұлғалық қасиеттерді ұштап,  Елбасының Қазақстан халқына жолдауларынан туындайтын білім сапасын арттырудағы игі бастамаларға педагогикалықІзденіс, жаңа серпін, шығармашылық табыс тілейміз, қымбатты ұстаздар!
Ел ертеңі сендерсіңдер шәкірттер, қиялдарың ұшқыр болып, қанаттарың талмасын жаңа оқу жылы толағай табыстарға, жаңалықтарға толы болсын! Кішкентай бүлдіршіндеріміздің талабы оң, қадамы құтты болсын!Білім күні баршамыз үшін жаңа белестер мен биіктерге жол ашқан құтты күн болсын!