«Қауіпсіз мектеп» республикалық акциясын өткізу ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ

Дата: 2015-10-31 03:56:45

 

Кіріспе: Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады  (27-бап).

Бала құқықтары туралы Конвенцияға сәйкес қатысушы мемлекеттер баланың игілігі үшін қажетті қорғау мен қамқорлықты қамтамасыз етуге міндеттенеді және осы мақсатпен барлық тиісті заң шығару және әкімшілік шараларын қабылдайды.

Бала туралы қазақстандық заңнаманың негізіне балаға қатысты мемлекеттік саясатқа қойылатын негізгі талаптары көрсетілген БҰҰ-ның маңызды халықаралық құқықтық құжаттары енгізілген. 

Бала құқығын бекітетін маңызды заңдарға «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексі, «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Білім туралы», «Мемлекеттiк жастар саясаты туралы», «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы», «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы», «Отбасы үлгiсiндегi балалар ауылы және жасөспiрiмдер үйлерi туралы» және басқа да заңдары жатады.

Бұл нормативтік құқықтық құжаттарда баланың өмiр сүруге, жеке басының бостандығына, қадiр-қасиетiне және жеке өмiрiне қол сұғылмауға, білім алуға, әлеуметтік қамтамасыз етілуге, денсаулық сақтауға және медициналық көмекке, демалуға, қоғамдық өмірге және мәдени шараларға қатысуға құқықтарын және мүддесін сақтауға кепілдік беретін нақты нормалар бар.

Баланы дене және психологиялық зорлық-зомбылықтың, қатыгез қараудың және пайдаланудың барлық түрлерінен қорғау үшін заңнамамен құқықтық жағдайлар жасалған.

Баланың қадiр-қасиетiне және жеке өмiрiне қол сұғылмауға құқығын бұзғаны үшін ересекетердің жауапкершілігі заңнамамен белгіленген. Қазақстан Республикасы «Баланың құқықтары туралы» Заңының            10-бабына сәйкес мемлекет баланың жеке басына ешкiмнiң тиiспеуiн қамтамасыз етедi, оны тәнiн және (немесе) жанын жәбiрлеуден, адамдық қадiр-қасиетiн қатыгездiкпен, дөрекiлiкпен қорлаудан, кемсiтуден, жыныстық қатынас сипатындағы әрекеттерден және қоғамға жат әрекеттерден қорғауды жүзеге асырады. ҚР Қылмыстық кодексінің жаңа редакциясында кезкелген сипаттағы зорлық-зомбылық жасағаны, сексуалдық және экономикалық пайдаланғаны, бала ұрлағаны және сатқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Сонымен, Қазақстан Республикасында балаға қатысты зорлық-зомбылықты болдырмауда, алдын алуда және күресуде кешенді қарауды қамтамасыз ететін саясат жүзеге асырылады.

Аталған нормативтік құқықтық құжаттар бала құқығына кең көлемде әсер етеді және баланы зорлық-зомбылықтан әр секторлар бойынша және әсер ету факторын: саяси, әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, медициналық, мәдени, психологиялық, педагогикалық және т.б., ескере отырып алдын алу және қорғауға бағытталған.

Бұнымен қоса, бұл істе жауапкершілік тек мемлекеттік органдар мен қызметтерге ғане емес, сонымен қатар қоғамның барлық мүшелеріне – мемлекеттік мекемелерге, жергілікті атқарушы органдарға, үкіметтік емес ұйымдарға, бұқаралық ақпарат құралдарына, отбасыларға да жүктеледі.

Алайда, бүгінгі таңда баланың денсаулығы мен өміріне қауіп әлі де жоғары.

Соңғы кездері кәмелетке толмағандарға қатысты заңға қайшы әрекеттер фактілері жиіленіп кетті.

Жыл сайын жүздеген бала қылмыстың құрбаны болады.

Оқу орындарында немесе оның маңайында болатын құқық бұзушылық алаңдатушылық тудыруда.

Акцияның мақсаты:білім беру ұйымдарында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оқушылар арасындағы құқық бұзушылықты алдын алу және қауіпсіздік шараларын жетілдіру.

Акцияны өткізу орны мен кезеңі: республиканың өңірлері, 2015 жылғы 20 тамыздан 20 қыркүйекке дейін.

Қатысушылардың сапалы құрамы: мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалар, оқушылар мен студент жастар, мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері, педагогикалық, ата-аналар, шығармашылық қауымдастықтың, мекемелердің, еңбек ұжымдарының, ҮЕҰ, БАҚ өкілдері және т.б.

Акцияның мазмұны және форматы:

«Қауіпсіз балалық шақ үшін!» ұраны барлық іс-шараларды өткізу кезінде ұстанатын негізгі қағидат болып табылады. Республикалық акция мектепте, үйде, есік алдында, лифте, кіреберісте, суда, жолда, көлікте қауіпсіздік ережелер туралы, сонымен қатар алғашқы көмек көрсету тәсілдері және шұғыл қызметтер туралы балалар мен ата-аналардың, қоғамның назарын аудару. 

Акцияны, әрқайсысы арнайы шараларды өткізуді қамтитын, кезеңдер бойынша өткізу ұсынылады.

Қауіпсіз мектеп ортасын қалыптастыру бойынша білім беру ұйымдарының жағдайына тексеру жүргізу.

Мектептердің жаңа оқу жылына дайындығына жыл сайынғы жүргізілетін тексеру аясында арнайы құрылған комиссияға келесі сұрақтарға аса назар аудару ұсынылады:

оқу сыныптарының, мектеп асханасының, спорт залының, медициналық кабинеттердің, су құбырларының, жылу жүйесініңжұмысқа дайындығына;

ғимараттыңөртке қарсы және санитарлық-эпидемиологиялық талаптарғасай болуына;

мектепке келетін жолдың қауіпсіздігіне (аумақтың жарықтандырылуы, «Балалар» белгісінің болуы, жаяу жүру жолдары, арнайы жасалған жол кедергілерінің болуы және т.б.);

қолданыстағы видеобақылау камераларының болуы;

мектепке балаларды тасымалдайтын көліктердің техникалық талаптарға сай болу жағдайын қарау, сонымен қатар бағдар схемасының болуы;

шұғыл қызметтердің, ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің (8 /7172/ 74-25-28), облыстық, Астана және Алматы қалалалары білім басқармаларының сенім телефондары, 150 – балаларға және жасөспірімдерге арналған ұлттық сенім телефон линиясы көрсетілген ақпараттық стендтердің болуына.

Арнайы комиссия тексеру қорытындысы бойынша білім беру ұйымдарына ұсыныстар мен ескертулер беруі қажет. 

 

Балалар мен ата-аналардың қатысуымен іс-шаралар ұйымдастырып өткізу.

Ішкі істер, өрт сөндіру, денсаулық сақтау органдарының, ата-аналар қауымдастығының және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен бірлесіп әр түрлі іс-шаралар ұйымдастырып өткізу ұсынылады, оның ішінде:

көшеде, жолда, үйде, сонымен қатар бөгде адамдармен қауіпсіз жүру ережелерін түсіндіру бойынша қауіпсіздік сабақтарын. Сабақтарда шұғыл қызметтердің, ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің (8 /7172/ 74-25-28), облыстық, Астана және Алматы қалалалары білім басқармаларының сенім телефондары, 150 – балаларға және жасөспірімдерге арналған ұлттық сенім телефон линиясы көрсетілген қауіпсіз жүріп тұру ережелері бойынша парақшаларды, кітапшаларды таратуды ұйымдастыру ұсынылады.

жол қозғалысына қатысушылардыжолда абай болуға шақыру бойынша флешмобтар. Бұл іс-шараларды 2015 жылғы 5 қыркүйекке дейін орталық көшелерде, алаңдарда Балалар қоғамдық бірлестіктерінің өкілдерін тартумен өткізу ұсынылады. 

«Қауіпсіздік шұғыласы» аттысурет байқауы. Байқауды бала-бақшаларда және мектептерде 6 жастан 13 жасқа дейінгі балалар арасында өткізуге болады. Байқаудың мақсаты – күнделікті өмірде және төтенше жағдайларда қауіпсіз жүріп-тұрудың негізгі ережелерін білуге қызығушылықтарын арттыру.

«Қауіпсіз жол»жол қозғалысының жас инспекторларының байқауы. Жас инспекторларға жолда қауіпсіз жүру білімдері, жол-көлік оқиғасында жарақат алғандарға алғашқы көмек көрсету дағдыларын көрсету ұсынылады.

ата-аналар жиналыстары. Балалардың қауіпсіздігін ұйымдастыру, балаларға қатысты зорлық-зомбылықты алдын алу мәселелері бойынша жалпы мектептік ата-аналар жиналыстарын 10 қыркүйекке дейін өткізу ұсынылады.

 

«Қауіпсіз мектеп» республикалық акциясын ақпараттық сүйемелдеуді ұйымдастыру

«Қауіпсіз мектеп» акциясын тиімді ақпараттық сүйемелдеуді жүзеге асыру мақсатында жергілікті атқарушы органдарға кешенді шараларды дайындап өткізу ұсынылады.

Дайындық кезеңінде медиа-жоспар әзірлеу ұсынылады, онда республикалық және өңірлік БАҚ тізімін жасауды, акция туралы пресс-релиздердді, анонстарды және жаңалықтарды (жүгіртпе жолдар) дайындауды, журналистер мақала жазғанда пайдалану үшін ақпараттар дайындауды, әлеуметтік желілерде орналастыру үшін қысқаша ақпараттарды әзірлеуді қарастыру қажет.  

«Қауіпсіз мектеп» республикалық акциясының барлық іс-шаралары кең көлемді ақпараттық сүйемелдеумен қамтамасыз етілуі қажет. Акция барысында ақпараттық қауіпсіздік, зорлық-зомбылықтың, жарақаттардың, кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтарды алдын алу мәселелері бойынша республикалық және өңірлік БАҚ-да «Қауіпсіз балалық шақ үшін!» ұранымен мақалалар, ақпараттық материалдардың (ескертпелер, буклеттер, парақшалар) басылымдарын, айдарлар, телебағдарламалар құруды ұйымдастыру қажет.

Барлық іс-шараларда балалардың құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған және балаға қауіп төнген жағдайда, сонымен қатар интернет желілерінде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша мемлекеттік және басқа да органдарға (сенім телефондары) өтініш білдіру бойынша ата-аналарға арналған ақпараттық материалдарды (ескертпелер, буклеттер)таратуды ұйымдастыру қажет.

Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша бейнероликтерді LED-экрандарда (көшеде, мектепте) көрсетілуін ұйымдастыру ұсынылады. Бейне роликтерді келесі сілтемелер арқылы алуға болады: балаларға арналған –https://youtu.be/SyLs6sGdtSAhttps://www.youtube.com/watch?v=iPWFQfJVQ80&feature=youtu.be; ата-аналарға арналған –https://youtu.be/WAR7k8W8Ajshttps://youtu.be/jy2ED6yq5Zg.

Акция соңында «Қауіпсіз мектеп» акциясын дайындап өткізу туралы әр түрлі көздерден жиналған басылымдар дайджестін дайындаумен аяқтау қажет.