«Балқаш қалалық тарихи-өлкетану музейіне» саяхат

Дата: 2018-07-11 15:17:18
«Балқаш қалалық тарихи-өлкетану музейіне» саяхат

11.07.2018ж күні «Балдәурен» жазғы сауықтыру орталығының демалушыларының демалысын тиімді, әрі қызықты  өткізу мақсатында қаламыздағы 1970 жылы қаланған «Балқаш қалалық тарихи-өлкетану музейіне» саяхат жасады. Балалар қаламыздың тарихымен, ертедегі құс, жануарлар түрлерімен және қазақтың халық аспаптары, қазақ халқының тұрмыстық салты сияқты  көптеген экспозицияларды көрді. Табиғат залына,этнография залына, археология залына пештің макетін, тас мүсіндерді тамашалады. Сонымен қатар әр түрлі тақырыптық көрмелер мен мұражай жинақтарын көріп танысты. Саяхаттан кейін балалар әр түрлі қимылды ойындар ойнап денелерін шынықтырды.