«Қазақстан- менің Отаным!»және «Мерей» караокесіне саяхат

Дата: 2018-07-10 17:23:57
«Қазақстан- менің Отаным!»және «Мерей» караокесіне саяхат

10.07.2018ж күні «Балдәурен» жазғы сауықтыру орталығының демалушыларының демалысын тиімді, әрі қызықты  өткізу мақсатында «Қазақстан- менің Отаным!»және «Мерей» караокесіне саяхат тақырыбында  танымдық сабақтар, сурет байқауыұйымдастырылды.

Таңертең демалушыларды күтіп алып, таңғы жаттығуымызды алаңда жасадық. Аш қарынға жасалған жаттығулар демалушыларға қуат беруге септігін тигізді. Сонымен қатар денсаулығымызды шынықтыратын түрлі дене – қимыл қозғалыстарын орындап, шынықтық. Балалармен бірге таңғы жаттығуымызды аяқтап болған соң, мектеп асханашылары дайындаған таңғы асымызға бардық. Балалар таңғы асын ішіп біткен соң, екі –екіден сапқа тұрып, тамаша көңіл – күймен  «Мерей» караокесіне аттандық. Балалар қызықты ойындар ойнап, сонымен қатар әнде шырқады.Әртүрлі әндер шырқауға   «Достық»» тобының барлық балалары белсене қатыстып мақтау қағазымен марапатталды. Балалар уақыттарын тиімді өткізді. Әрі қарай саяхатымызды «Қазақстан- менің Отаным!» атты Рәміздерді ұлықтау, Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздері залына экскурсияға бардық. Бүгінгі күн балаларға өте көңілді, әрі қызықты болды.