«Қызықты ойындар», «Математикалық есептер»

Дата: 2018-07-02 20:02:12
«Қызықты ойындар», «Математикалық есептер»

02.07.2018ж күні «Балдәурен» жазғы сауықтыру орталығының демалушыларының демалысын тиімді, әрі қызықты  өткізу мақсатында «Қызықты ойындар», «Математикалық есептер» және «Астана – арман қала» тақырыбында  танымдық сабақтар, сурет байқауыұйымдастырылды.

 Астана қаласының 20 жылдығына орай «Астана -  елдің бірлігі, Астана  - жердің кіндігі» атты сурет байқауында балалар Қазақстан Республикасының  астанасы- ел ордамыз Астана қаласының ертегі әлеміндегіндей ғажап қала екендігін, оның жыл сайын өрлеп, өсіп келе жатқандығын бейнеледі.

Балалардың ойлау қабілетін, дүниетанымын, қызығушылығын арттыру мақсатында қызықты ойындар және математикалық есептер берілді.Іс-шараларға  «Достық»» тобының барлық балалары белсене қатысты.