Размер шрифта:

Көңілді күн

Дата: 2018-07-02 19:55:34
Көңілді күн

29.06.2018 күні  таңертең демалушыларды күтіп алып, таңғы жаттығуымызды алаңда жасадық. Аш қарынға жасалған жаттығулар демалушыларға қуат беруге септігін тигізді. Сонымен қатар денсаулығымызды шынықтыратын түрлі дене – қимыл қозғалыстарын орындап, шынықтық. Балалармен бірге таңғы жаттығуымызды аяқтап болған соң, мектеп асханашылары дайындаған таңғы асымызға бардық. Балалар таңғы асын ішіп біткен соң, екі –екіден сапқа тұрып, тамаша көңіл – күймен  «Мерей» караокесіне аттандық. Балалар қызықты ойындар ойнап, сонымен қатар әнде шырқады. Балалар уақыттарын тиімді өткізді. Әрі қарай саяхатымызды көл жағасына жалғастырдық. Оқушылар тәтті балмұздақтар жеп, көл жағасында серуендеді. Бүгінгі күн балаларға өте көңілді, әрі қызықты болды.