«Жаз ханзадасы мен ханшайымы» байқауы

Дата: 2018-07-02 19:37:33

27.06.2018ж күні «Балдәурен» жазғы сауықтыру орталығының «Достық» тобы демалушылардың демалысын тиімді, әрі қызықты  өткізу мақсатында «Оқушылар сарайы» ұйымдастырған  «Жаз ханзадасы мен ханшайымы» атты байқауға қатысты. «Балдәурен» жазғы сауықтыру орталығының атынан Ақтыбай Алтын және Ожанов Ерсайын өз өнерлерін көрсете отырып, 7 топ арасында бақ сынасты.

Сайыс 4 кезеңнен тұрды.

І кезең: «Таныстыру»

ІІ кезең: «Өз өнері»

ІІІ кезең «Сұрақ-жауап»

ІҮ кезең «Сән үлгісі»

Қатысушыларға «Достық» тобының демалушылары қолдау көрсете білді. Ұжымдасқан жұмыс арқылы «Балдәурен» сауықтыру орталығының оқушылары «Ең өнерлі жұп» номинациясы ие болды.