Құқық бұзушылықтың алдын алу

Дата: 2018-04-10 16:27:12

2017-2018 оқу жылындағы оқушылар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жүргізілген жұмыстар

Мектеп - лицейімізде 2017-2018 оқу жылдарына құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жұмыс жоспарлары құрылып, соның негізінде тиісті жұмыстар атқарылды.

Қазіргі уақыттағы жасөспірімдер арасындағы тәртіпсіздік, сабақты себепсіз босату, жиі кешігіп келу, темекі шегу, спирттік ішімдіктерге үйір болу, компьютерлік клубтар мен ойынханаларға бару сияқты мәселелердің алдын алу мақсатында 2017-2018 оқу жылдары мектеп оқушыларының арасында «Қыздар жиналысы», «Ұлдар жиналысы», «Өз құқығыңды білесің бе?», және т.б.  тақырыптарда мектеп инспекторы Тулеева Кенжегуль Саятовнамен тәрбие сағаттары жүргізілді. Оқушылардың үйіне айына 1 рет рейд жасалады, каникул уақытында үнемі қадағалауда отырады.

Сонымен қатар  Қазақстан Республикасының  «Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу» заңының  №4 бабына сәйкес мектепте жүргізілген іс-шаралар:

·   Құқық бұзушылықтың алдын алу кеңесі құрылды.

·   Құқық бұзушылықтың алдын алу кеңесінің жұмыс жоспары құрылып бекітілді.

·   Құқық бұзушылықтың алдын алу кеңесінің бірінші отырысы  мектеп-лицей директоры Дубирбекова К.Ш тікелей қатысуымен болды.

·  1-10 сынып оқушыларының  сабаққа қатысуы мектеп әкімшілігі тарапынан үнемі және күнделікті бақылауда. Апта сайын сабақты себепсіз қалдырғандарға анализ жасалып, сынып жетекшілерінің естеріне салынады.

·  2017-2018 оқу жылында мектепішілік 5-11 сынып оқушыларының арасында  ұлдар, қыздар жиналысы өткізілді. Осы жиынға мектеп инспекторы Василий Огай қатысып оқушыларға ҚР ««Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу» заңына өзгерістермен толықтырылуылар енгізілгенін айтып, оқушыларды заң тармақтарымен таныстырды .

·  Мектеп психологы Акшалова А.Т 1-11 сынып оқушылары арасында жаңа мектепке, жаңа ортаға бейімделуін байқау үшін балалар арасында сауалнама жүргізді.

· Жоғарғы сынып оқушылары арасында салауатты өмірді уағыздап дене шынықтыру мұғалімдері мектепішілік спорттық жарыстар  өткізді.

· Ұлдар және қыздар жиналысы тоқсанына 1 рет арнайы жоспар бойынша өткізіліп отырады.

·  Аптасына 1 рет мұғалімдермен 22.00-23.00 уақыт аралығында түнгі рейд жүргізілді,және мектеп инспекторларымен айына 1 рет 23.00-00.00 аралығында жүргізілді.

№ 17 жалпы білім беретін орта мектепте «Баскетбол» жарысынан 8-9сынып оқушылары І орынды иеленді.                                                                       «Шынықсан  –шымыр боларсын » іс-шара барындағы «Баскетбол» мектеп лицейішілік жарыс жарысында 9-шы  сыныптын  (ұлдар жане қыздар) оқушылары  қатысты. «Баскетбол» олимпиадалық жүйеде өтті. 

 

Ерекше қадағалауды қажет ететін оқушымыз Ағыбаев Әмір 8"В" сынып оқушысы. Әмірмен күнделікті жұмыс жүргізіледі. Сабақтан қалмауын, кешікпеуін сынып жетекші қадағалап отырады. Әжесімен тікелей жұмыс жүргізіледі.

 

Ата-аналар мен жалпы жиналыс тоқсан сайын өткізіледі. Жиналысты                мектеп-лицей директорының міндетін атқарушы Ерменбетова Г.Ө және               тәрбие ісінің меңгерушісі Бейсекиа К.А  қатысуымен өткізіледі. Жиналысқа мектеп-лицей психологы Акшалова А.Т суицид тақырыбнда шағын мәлімет айтып өтті,қазіргі таңда интернет желісінде қауіпті ойындардың белең алып жатқаны ата-аналарға ескертілді.