«Бір аймақ-бір кітап»

Дата: 2018-01-11 14:21:20
«Бір аймақ-бір кітап»

«Бір аймақ-бір кітап»  облыстық акциясы

8.01.18ж. «Қарағанды облысы    білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік  орталығы»  оқушылардың   кітап оқуға қызығушылығын арттыру, көркем әдебиетті оқу арқылы  рухани және адамгершілік әлеуетін дамыту мақсатында  2017-18 оқу жылының 15 желтоқсан мен 1 мамыр аралығында дәстүрлі  2-11 сынып оқушыларына арналған«Бір аймақ-бір кітап»  облыстық акциясы 2-4 сыныптарға  Қазақ ертегілері, 5-7 сыныптар  Қасым Қайсеновтың «Жау тылындағы бала», 8-9 сыныптарға  Сәбит Мұқанов «Балуан Шолақ» повесі, 10-11 сыныптарға Ғабиден Мұстафиннің «Қарағанды» романы таңдалынып алынды.  Осы мақсатта   №15 мектеп-лицейде  2- 4 сынып оқушылары арасында  қазақ ертегілері бойынша қолөнер, сурет көрмесі, 3 D кітабын жасау, сахналық қойылым, 5- 7сынып оқушылары арасында  «Қайсар ұлы қазақтың»Қасым Қайсеновтың «Жау тылындағы бала» повесі бойынша  вернисаж,сыр сандық,  көрініс ал  8-9 сыныптар арасында «Әдебиеттегі ерекше тұлға»  Сәбит Мұқанов «Балуан Шолақ» повесі бойынша  әдеби- лото, дөңгелек үстел, 10-11 сынып оқушылары арасында  «Дауысы дәуірмен ұласқан қаламгер» Ғабиден Мұстафиннің «Қарағанды» романы бойынша   оқырман конференция  жоспары бекітіліп,  ашылу салтанаты өтті. «Кітап ғажайып әлем» тақырыбында кітапхана кеңесі мүшелері  дайындаған  «Бір аймақ-бір кітап»  облыстық акциясына арналған кітаптар жайлы  ашылу салтанатында ақпарат  берілді.