ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Дата: 2018-01-11 09:47:31
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

2018 жыл мектеп-лицейіміз үшін жағымды жаңалықтармен, елеулі жетістіктерімен басталды. Осыған бірден-бір дәлел ретінде мектеп-лицей оқушыларының ғылыми-техникалық шығармашылығын жетілдіру және ынталандыру, білім алушылардың әлеуетін дамыту, оқу-зерттеу қызметін ұйымдастыру мақсатында «Болашақтың инженерлері» атты облыстық жобаны енгізген қала мектептері Абай атындағы №2 лицей, С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясы , №15 мектеп-лицей және  №17 мектеп-лицейінің арасында 5 қаңтар күні  қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Үшөлшемді компьютерлік модельдеу» байқауы өтті.

         Сайыс оқушылардың  PTC Creo Parametric бағдарламасына инженерлік, үшөлшемді модельдеуге қызығушылықтарын арттыру мақсатында ұйымдастырылды. Сайыстың негізгі міндеті -  автоматталған жобалау жүйесін үйрену деңгейін арттыру, дарынды оқушыларды анықтау болды. Байқаудың әділ-қазылар алқасының құрамы қала мектептерінің информатика пәні мұғалімдері.

Мектеп-лицейімізден 3 оқушы қатысты 7 «Ә» сынып оқушылары Есенгалды Әліби, Аманжолов Уәлихан, 8 «Г» сынып оқушысы Бейсекей Абир, жетекшісі Омаров Сәтжан Кәрібайұлы. Байқау қорытындысының нәтижесінде  Бейсекей Абир  жүлделі бірінші орын жеңімпазы атанып облысқа жолдама ұтып алды, қалған оқушылар арнайы сертификаттармен марапатталды.