«Тілдердің үштұғырлылығы» атты мәдени жоба

Дата: 2018-01-11 09:46:41
«Тілдердің үштұғырлылығы» атты мәдени жоба

«Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымы  4 қыркүйек пен 17 қараша аралығында информатика, физика, биология, химия пәні мұғалімдері үшін біліктілікті арттыру курсы ұйымдастырылды. Қарағанды облысы бойынша 150-ге жуық мұғалімдер оқытылды. Курстың басында пән мұғалімдері бірігіп оқыды.  Топтың мұғалімі АҚШ-тың Вирджиния штатынан арнайы келген Джонаттан Роллинс тағайындалды.  Курс тек ағылшын тілінде өтті. Әр мұғалім өз пәні бойынша ағылшын тілінде сынақ тапсырды.Macmillan баспасының Straightforward оқулығымен оқылды. Қосымша www.straightforward-online.comсайтында онлайн тест тапсырып, мұғалімдер өз деңгейің анықтап отырды. Жалпы курс 240 сағат ағылшын тілін, 60 сағат пәндік лексилогияны қамтыды. Жаратылыстану пән мұғалімдері Cambridge University Press баспасының Core Physics оқулығымен өз білімдерін толықтырды. Курстың аяғында ҚР Білім және ғылым министрлігі және Назарбаев Университеті мен Macmillan Education мен деңгейлік сертификаттары табысталды. Курс бойынша алға қойған мақсат -  сабақта ағылшын тілінде физикадан, информатикадан терминдер кіріктіріп, шәкірттерге білім, ғылымды үш тілде меңгерту, яғни әлемдік деңгейге жете алатын, бірнеше тіл меңгерген жас ұрпақты қалыптастыру.