Жалпы білім беретін пәндер бойынша 51-мектеп-лицейішілік олимпиада туралы ақпарат

Дата: 2016-11-15 02:29:44
 Жалпы білім беретін пәндер бойынша  51-мектеп-лицейішілік олимпиада туралы  ақпарат

2016 жылдың 31 қазаны мен 2 қарашасы аралығында республикалық жалпы білім беретін пәндер олимпиадасының 51-мектеп-лицейішілік кезеңі өтті. Мектеп-лицейішілік олимпиада 8-11 сыныптар арасында негізгі 11 пән бойынша ұйымдастырылды. Олимпиадаға мектеп-лицей бойынша  Жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша 142 оқушы қатысса, қоғамдық-гуманитарлы пәндер бойынша 83, жалпы  225 оқушы қатысты.  Олимпиаданың қорытындысы төмендегідей көрсеткіш көрсетті:

I орын- 47 оқушы,

I I орын-53 оқушы,

III орын- 49 оқушы.

Қалған оқушылар мектеп-лицейішілік олимпиадаға белсене қатысқаны үшін арнайы мадақтамамен марапатталды. 14 қараша күні өткен олимпиаданың жабылу салтанатында мектеп-лицей директорының орынбасары Г.Ө.Ерменбетова мен мектеп-лицей эдвайзері С.С.Сулейменова алғыс хаттарды ресми түрде олимпиадаға қатысқан оқушыларға табыс етті.