«Балқаш қаласының №15 мектеп-лицей» КММ Психологиялық бағыт бойынша 2014-2015 оқу жылындағы І жартыжылдық есебі

Дата: 2015-02-11 12:09:54
«Балқаш қаласының №15 мектеп-лицей» КММ Психологиялық бағыт бойынша  2014-2015 оқу жылындағы  І жартыжылдық есебі

Жалпы бастауыш сынып бойынша жеке оқушылармен психодиагностикалық, психокоррекциялық жұмыстар жасалынды.Олардың саны 22 оқушы. Бұл мұғалімдер мен ата-аналардың сұраныстары. Бұл тізімге инклюзивті оқушы, тіл кемістігінде ақауы бар оқушылар, ерекше педагогикалық назарды талап ететін, аутодеструктивті жүріс-тұрысы анықталған оқушылар кірді.  Зерттеу барысы мен нәтижесі хаттамаға тіркеліп, сынып жетекшісіне таныстырылып, ұсыныстар берілді.

 

1 сынып оқушыларының мектепке икемделу үрдісі бойынша психологиялық қызмет анықтамасы

 

         Мақсаты: оқушылардың мектепке икемделу деңгейін, икемделуінде қиындықтары бар балаларды анықтау, баланың мұғаліммен қарым-қатынасының, құрдастар тобындағы әлеуметтік жағдайының қолайлы болуына жағдай жасау.

Осы мәліметтерді ескере отырып балалардың мектепке бейімделу процесін бағалау үшін келесі әдістемелер іріктеліп алынды:

1.     Сьюзен Делингер әдісі (Психогеометриялық тест).

2.     Мектепке деген жалпы қатынасты анықтау әдістемесі. Ата –аналарға арналған сауалнама

 

1 сынып оқушыларынан алған әдістемелердің салыстырмалы көрсеткіштері

Психогеометриялық тест

 

1 «А»

1 «Ә»

1 «Б»

1 «В»

1 «Г»

Дөңгелек

37%

Қисық

50%

Дөңгелек

32%

Дөңгелек

33%

Қисық

41%

Шаршы

22%

Дөңгелек

12%

Шаршы

28%

Шаршы

25%

Шаршы

29%

 

Қисық

15%

Шаршы

8%

Тіктөртбұрыш

9%

Тіктөртбұрыш

5%

Тіктөртбұрыш

9%

Тіктөртбұрыш

15%

Тіктөртбұрыш

8%

Үшбұрыш

21%

Үшбұрыш

10%

Үшбұрыш

2%

Үшбұрыш

11%

Үшбұрыш

22%

Қисық

10%

Қисық

27%

Дөңгелек

19%

 

 

 

Мектепке деген қатынасты анықтау әдістемесі (ата-аналарға арналған сауалнама) алынды. Қатысқаны: 82 ата-ана -76пайызды құрайды.

 

Зерттеу нәтижесінде 1 сынып оқушылардың 98% пайызы мектепке бейімделген, 2% мектепке орта деңгейде бейімделген тұжырымға келдім. 

 

1 сынып оқушыларының ойлау қабілетінің экспресс диагностикасы жүргізіліп өтті.

 

1 «А»

1 «Ә»

1 «Б»

1 «В»

1 «Г»

Сынып/Деңгейі

11 оқушы – 58%

8 оқушы – 40%

6 оқушы – 30%

4 оқушы – 22%

6 оқушы – 31.5%

Жоғары

-

8 оқушы –40%

8 оқушы –40%

7 оқушы –39%

7 оқушы  – 37%

Орта

8 оқушы – 42%

4 оқушы – 20%

6 оқушы – 30%

7 оқушы – 39%

6 оқушы – 31.5%

Төмен

1 сынып оқушылармен «10 сурет» әдістемесі жүргізілді. Оның мақсаты: оқушылардың көру арқылы есте сақтау процестің деңгейін анықтау мен дамыту. Оқушылар төмен деңгей көрсеткен жоқ.

4 – сынып оқушыларының таным процестерін зерттеуге байланысты ақпаратты қабылдау, «есте сақта және нүктелерді орнына қой», «зейін функцияларының даму деңгейін анықтау» әдістемелері жүргізілді.

Бастауыш сынып оқушыларының темпераментін анықтау мақсатында  психогеометриялық тест алынды. Тестке 350 оқушы қатысты.

Холерик: 16%

Сангвиник: 40%

Флегматик: 29%

Меланхолик: 15%

Бастауыш сынып оқушыларынан әлеуметтік өлшем сауалнамасы алынып, мұғалімдеріне ұсыныстар айтылды.