«Ұлағат» әкелер кеңесі отырысының №1 хаттамасы

Дата: 2014-11-13 02:19:37

Әкелер кеңесі отырысы:21.10.2014 жыл.

Өтетін орыны: «Балқаш қаласының №15 мектеп-лицейі»КММ. Мәжіліс залы

Қатысқандар:Мектеп-лицей директоры Қ.Ш.Дүбірбекова, мектеп әкімшілігі, әкелер кеңесі мүшелері

 

Төрағасы: Мектеп-лицей директоры Қ.Ш.Дүбірбекова

                  Хатшы: Жуматова И.Ж.

Күн тәртібінде

1.     «Ел ертеңі болар бала тәрбиесіндегі әкенің алар орны» баяндама. Директордың тәрбие ісі-жөніндегі орынбасары Аблайханов Б.М.

2.     «Жігер» әкелер кеңесінің мүшелерін құру;

3.  «Жігер» әкелер кеңесінің төрағасын сайлау;

4. Жылдық жұмыс жоспарын талқылау;

Тыңдалды:

1       мәселе бойынша Бүгінгі ұрпақ ертеңгі елдің ертеңі екенін жеткізе отыра бала тәрбиесінде әкенің алар орны туралы айтылды. Қазақстан Республикаларының заңнамалары негізінде балаға негізі жауапты заңды тұлға ата-анасы екені баса айтылды. Бүгінгі қоғамда жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың көпшілігі аз қамсыздандырылған, толық емес отбасынан шыққан балалардан шығып жатқандығы айтылды. Сондықтан «Балқаш қаласының білім, ден шынықтыру және спорт бөлімі» ММ-нің 07.10.2014 күнгі №312 бұйрығы негізінде әкелер кеңесі құрылғандығы айтылды.

2       мәселе бойынша әкелер кеңесінің қрамы анықталып мектептегі 44 сыныптан 34 әке тағайындалды

3       мәселе бойынша «Ұлағат» әкелер кеңесінің төрағасы болып Алтынбеков Манарбек сайланды. «Олжабек» - шаруа қожалығының жетекшісі.

4       Мәселе бойынша «Ұлағат» әкелер кеңесінің жылдық жұмыс жоспары жасалып бекітілді. Жыл бойы бекітілген іс-шаралар, дөңгелек үстел және кеңестің отырыстары өткізіледі.

Шешімі:

1.         Әкелер кеңесінің жылдық жұмыс жоспары бойынша жұмыстар жүргізілсін. Оқушылар мен әкелер  белсенді қатыстырылсын.

2.         Оқушыларға, ер балаларға адамгершілік-рухани бағытта жұмыс, құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатындағы іс-шаралар әкелер кеңесінің мүшелерімен бірлесе жүргізілсін.

 

Мектеп-лицей директоры:                     Қ.Ш.Дүбірбекова

Хатшы:                     И.Ж.Жуматова