«Қаржылық сауаттылық» атты мектепішілік іс – шараның ақпараты

Дата: 2019-02-12 09:57:33
«Қаржылық сауаттылық» атты мектепішілік іс – шараның ақпараты

2019 жылдың 11 ақпан мен 16 ақпан аралығында  «Қаржылық сауаттылық» апталығында бірнеше іс – шаралар ұйымдастырылды. Жоспарға сай  директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Н.Бекмурзаева  салтанатты жиынды құттықтау сөзімен ашып, апталықтың іс – шара жоспарымен таныстырды.        Жиында «Үгіт насихат» тобы   баланың ақша ұстауына арналған 13 кеңесін де айқындап айтса,  «Қаржылық сауаттылық сабағы», «Энергияны үнемдеу» тақырыптарында ашық тәрбие сағаттары  өтті.                                                            Акцияның негізгі мақсаты – оқушыларға, қызығушылық танытқандардың барлығына қаржылық сауаттылық негіздерін жеткізу.  Ақшаны ұстай білу бүгінгі заманауи өмірдің маңызды мәселелерінің бірі болып отыр. Қаржылық сауаттылық  - қоғам дамуының аса маңызды аспектісі. Заманауи Қазақстандық қоғамда экономиканың алар орны ерекше, сондықтан да адамдардың бойына бала кезінен-ақ қаржылық сауаттылықты да дарыту қажет.

Автор: №9 ОМ