«Қамқорлық» республикалық акциясын ұйымдастыру және өткізу туралы ақпарат, 2018-2019 оқу жылы

Дата: 2019-02-11 15:19:19
«Қамқорлық» республикалық акциясын ұйымдастыру және өткізу туралы ақпарат, 2018-2019 оқу жылы

10 қаңтар - 10 ақпан аралығында «Қамқорлық» дәстүрлі республикалық акциясын негізге ала отырып, Балқаш қаласының білім бөлімінің шығыс хатына сәйкес, күнкөрісі төмен және көп балалы отбасынан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға қолдау көрсету, әлеуметтік себептерге байланысты балалардың мектепке келмей қалу жағдайын болдырмау мақсатында жалпыға білім беретін №9 орта мектепте жоспар бойынша «Қамқорлық» республикалық акциясын өткізу мақсатында іс-шаралар  ұйымдастырылды.

«Қайырымдылық» акциясын насихаттау хабарламалар ілініп, әзірлемелер таратылды.  

         «Қамқорлық» республикалық акциясының аясында «Мейірімділік жылуын сыйлайық» атты  тәрбие сабағы өтті.

«Қамқорлық» республикалық акциясының негізгі мақсаты ықшам ауданы бойынша оқу жасындағы барлық балаларды оқумен қамтамасыз ету, олардың тиянақты оқуы мен тәрбиесіне жағдай жасау, азқамтылған отбасыларына көмек көрсету болып табылатындықтан әлеуметтік көмекті қажет ететін оқушылар туралы мәліметтер қорын жинақтау жұмысы жүргізілді.

Оқушылардың тұрмыстық жағдайын анықтау мақсатында үйін аралау жұмыстары жүргізілді. Ата-анасына кәмелетке толмаған баласын тәрбиелеу заң жүзінде ата- ана жауапкершілігінде екендігі ескертілді және құқықтық кеңес берілді;

Акция барысында жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында жиналыс өтті.

Жиналысқа тәрбие ісі жөнінің орынбасары, ұлдар ұйымының жетекшісі, әлеуметтік педагог, Балқаш қаласының полиция майоры Жолдыбалина Мейрамгуль Кыдыргалиевна  және сынып жетекшілер қатысты.

Тәрбие ісі жөнінің орынбасары Сагимбекова Д.Р. жиналыс мақсатын айтып, «Балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу – басты міндет» атты баяндама жасады.

Балқаш қаласының полиция майоры Жолдыбалина Мейрамгуль   Кыдыргалиевна Қазақстан Республикасыныңәкімшілік  құқық  бұзушылық  туралы кодексінің 442/2, 441, 440, 435, 434 баптарын айтып, құқықтық дәріс оқыды.

Акция кезінде көмек көрсетуге тілек білдіруші меценаттар да болды. Меценаттар: мектеп асханасын жалға алушы  Г.Жомартова, ата-аналар және мектеп ұжымы. Мектеп ұжымының «Қамқорлық» акциясын ұйымдастыруымен 11 оқушы мектепке қажетті оқу-құралдармен, керекті киім-кешекпен қамтылды.

Автор: №9 ОМ