ЖББ №8 орта мектебінде ұлан сыныптарының жалпы ата-аналар аналар жиналысы

Дата: 2018-09-25 10:47:19

ЖББ №8 орта мектебінде ұлан сыныптарының жалпы ата-аналар аналар жиналысы  14. 09.2018 ж.
Қатысты: 98 ата-ана
Күн тәртібі:
1.Ұлан сыныптарының күн тәртібі, қосымша сабақтар туралы
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Жетписбаева
2. Білім беру ұйымындағы міндетті ұлан сыныптарының киім нысандарына қойылатын талаптар
АӘД жетекшісі Т.Еримбетов 
3. Ұлан сыныптарының дұрыс тамақтануын қамтамасыз ету туралы
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Жетписбаева
1. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Жетписбаева күн тәртібімен таныстырып, 
6-9- сынып оқушылары үшін негізгі сабақтары қосымша сабақтармен жалғасып, 16.00- ге дейін мектепте болатыны айтылды.Қосымша сабақтар вокал, риторика, руханият, Қарулы Күштер тарихы, қоян-қолтық күресі, робототехника, парашюттан секіру симяқты пәндер оқытылатыны ескертілді.
2. Ұлан сыныптарына күнделікті және салтанатты киім үлгісі және спорттық болып таңдалынғаны туралы айтып және оны ұлан сыныптарына қамтамасыз ету әр ата-анаға міндеттелінетінін айтты.
Ұлан сыныптарының нысанын дұрыс кию, тазалығы яғни, ұлан сыныбының ережесіне сай жүріп тұруы үшін сынып жетекшімен қатар ата-аналардың қадағалауы қажеттігі туралы айтылды.
3. Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша ұлан сыныптарында тамақтану мәселесі қарастырылды. Күнделікті түскі аспен қамтылу үшін жеткіліксіз отбасынан шыққан 14 ұланға ЖББ қорынан көмек көрсетіліп, тегін тамақтанатыны және қалған ұландар үшін ата-аналары ас мәзірінің құнын төлеу міндеттелінетіні ескертілді.
Барлық ата-ана күн тәртібінде қарастырылған мәселелер бойынша бірауыздан келісім білдірді.

 

 

Қаулы:
1.Ұлан сыныптарының күн тәртібінде қарастырылған қосымша сабақтардың уақытылы, сапалы өткізілуі қадалауға алынсын. 
2. Оқушыларға мектеп жарғысында қарастырылған бірыңғай ұлан сыныптарының киім нысанын қатаң сақтау және киіндіру әр ата-анаға міндеттелінеді. 
3. Ұлан сыныптарының түскі аспен 100% қамтылуын қадағалау сынып жетекшілеріне тапсырылсын, қамтамасыз ету әр ата-анаға міндеттелсін.