«Жас маман» мектебінің 2018-2019 оқу жылындағы жұмысы бойыншша ақпарат

Дата: 2018-06-09 11:44:02
«Жас маман» мектебінің 2018-2019 оқу жылындағы  жұмысы бойыншша ақпарат

   Наурыз айында мектебіміздің жас мамандары Нүрділда Айгерім, Несіпбек Меруерт, Дәкарім Акжол, Төлеу Айжан, Жұмақан Асия, Манас Інжу, Мырзагалиева Сымбат «Жас маман-2018» байқауы аясында  ашық  сабақтарын өткізіп, тәжірибе алмасты. Кеше ғана келген жас мамандардың аз уақыт ішінде кәсіби өскендіктері қуантады. Сабақтың талдауы мен өзін-өзі талдауы жоғары дәрежеде өтті. Жас мамандарымыз ашық сабақтарына жан – жақты дайындықтары,сабақтарында бар мүмкіндіктерін көрсете білді.Ең бастысы берілген тапсырмаларға жауапкершілікпен қарай білді. Осы байқаудың қорытындылайтын болсақ, жоғарыда аталған жас мамандар ашық сабақтарын жоғары деңгейде өткізіп, өзара тәжірибе алмасты. Нәтижесінде Несіпбек Меруерт қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткізілген «Дарынды оқушыға – талантты ұстаз» атты байқауына қатысып 3 жүлделі орынға ие болды. Сонымен қатар жас мамандарымызбен информатика пәні мұғалімі  Акку Ерғанатовна «Сабақта білім ресурстарын тиімді қолдану» атты шебер сағат жүргізіп,тәжірибесімен бөлісті. Жоспар бойынша жас мамандар отырыстары жүргізіліп отырды.