«Акварельмен жұмыс»

Дата: 2018-06-07 15:43:59
«Акварельмен жұмыс»

   2018 жылдың 7 маусымында оқушыларға бейнелеу өнерінің түрлері жайлы мағлұмат беру, оқушы санасына терең сіңіру, сурет салдырту арқылы оларды тазалыққа, ұқыптылыққа үйрету мақсатында тәрбиеші П.Б.Алгадаева лагерь оқушыларына «Акварельмен жұмыс» тақырыбында үйірме жұмысын жүргізді. Жұмысты бастамас бұрын оқушыларға бейнелеу өнерінің төрт жанры туралы мағлұмат беріп,  әр жанрға тоқталып өтті. Оқушылардың басым көпшілігі пейзаж жанрында сурет салды. Суреттері әдемі шыққан оқушыларды ауызша марапаттады. Оқушыларға үйірме жұмысы жақсы әсер қалдырды.