"Шағала" мектепішілік лагерінің ашылуы

Дата: 2018-06-04 09:15:27

  2018 жылдың 01 маусым-Балалар қорғау күні мерекесіне орай мектебімізде "Шағала" жазғы лагері ашылды.
 Салтанатты жиында мектеп директоры Төкейбекова А.Т сөз алып демалушыларды мерекелерімен құттықтады. Би биленді, әндер айтылды. Жиын қызықты ойындармен жалғасты. І кезең бойынша әр топ дөңгеленіп жүріп, өз топтарының балаларының есімдерін жаттап алу арқылы ойын жүргізілді. ІІ кезеңде алфавит бойынша балалар паравоз ойынын ойнады. ІІІ кезеңде туған күндерінің айларын табу арқылы (қыркүйек, қазан, қараша, желтоқсан, т.б.) әр оқушы үйлерін тапты. ІҮ маршрут кестесі бойынша, әр топтың оқушылары жасырынған кубиктерді тауып, өлең жолдарын тапты. Жеңген топтар сыйлықтармен марапатталды. Сонымен бірге «Жас қыран» тобы балалар күніне арналған асфальтта сурет салу сайысына қатысып жүлделі орынға ие болды. Барлық балаларға балмұздақ таратылып, үйге қайтарылды. Салтанатты жиында мектеп директоры Төкейбекова А.Т сөз алып демалушыларды мерекелерімен құттықтады. Би биленді, әндер айтылды. Жиын қызықты ойындармен жалғасты.