«Қош келдің, Әз-Наурыз»

Дата: 2018-03-23 21:17:42
«Қош келдің, Әз-Наурыз»

«Қош келдің, Әз-Наурыз» атты мерекелік кеш өткізілгені туралы ақпар

        Ұлыстың Ұлы күні – әз Наурыз мерекесі 2018 жылдың 20 наурыз куні  жалпы білім беретін  №8  орта мектебінде аталып өтті. Мектеп оқушыларының қатысуымен ұйымдастырылған кеште «Қалау айту», «Құда тусу» деп аталатын ұлттық салт-дәстүрімізден түрлі көріністер көрсетіп, көңілді  әндер шырқалды.    Наурыз тойдың басы жақсы, игі тілектен  басталды. Мектеп директоры А.Т.Токейбекова  мектеп оқушылары мен ұстаздарын,  және ата-аналарын  мерекемен құттықтап, дендеріне саулық, отбасыларына амандық тіледі. Сонымен қатар,  мерекеге орай, қалалық білім бөлімінен бірнеше ұстаздар ,  Б.Ж. Қоңыров, Ж.К.Жетписбаева, Д.К.Нурмаханова, В.С.Жамкеева, бас есепші А.А.Серікбаева алғыс хатпен марапатталды. Ата-аналар атынан Ештанаев Қазбек Опиұлы  сөз сөйлеп,  мектеп  ұжымын тағы да мерекемен  құттықтады. Сондай-ақ мектеп бастамаларына қолдау көрсетіп,қоғамдық шараларға белсене қатысқаны үшін мектепішілік  марапаттар ата-аналар Айнаш Әлиханқызы, Қазбек Опиұлы, Айнұр Мұратханқызына  және  мектеп оқушылары  Жасымбеков Ильяс, Кулуткенов Нұрбек,  Шакирова Айымға табысталды. Мерекелік іс-шара барысында, мерекеге келген  ұстаздар мен оқушылар  ауыл-ауылға  бөлініп наурыз көжеден дәм татып, ел мен жердің амандығын тілеп, ақ баталарын берісті. Мерекенің мерейін мектепішілік  «Шабыт» би уйірмесінің   бишілері мен   жеке  ән орындаған Нурлан  Наргиза және басқа да өнерпаздар асырды. Жиналған  оқушылар  ұлттық спорт ойындарын да тұшына тамашалады. Осы күні атқа мінген жастар «Теңге ілу», «Қыз қуу» ойындарына қатысып, жеңімпаздар марапатталды. Қазақша күрес, тоғызқұмалақ, арқан тарту, қап киіп жүгіру сияқты жарыстар тойдың көркін қыздырса, оның ұлттық киімдердің сәнін  көрсетуге  ұласты. Мереке  соңында «Бастаңғы» дәстүрі бойынша әр ауылдың дастарханынан дәм татты. Аталған  іс-шара барлық қатысушыларға  жақсы  көңіл куй  сыйлады.