«Ал, қанекей әжелер» сайысы

Дата: 2018-03-17 09:41:10
«Ал, қанекей  әжелер» сайысы

   Жалпы білім беретін №8 орта мектебінде 2018 жылдың 16 наурызы күні бастауыш сынып  бірлестігінің  ұйымдастыруымен әжелер арасында  әже тәрбиесін  үлгі ету мақсатында  байқау  өткізілді. «Шаңырағым шаттығым», «Ойлы болсаң  озып көр», « Өнерлі  өрге  жүзер»,  «Шебердің  қолы ортақ», «Әжем айтар ертегі» кезеңдері  бойынша  оқушы   әжесінің қатысуымен  ән айту, қолөнер және сұрақ-жауап тапсырмаларын мұқият орындауға тырысты. Қорытындысында, «Өнегелі  әже», «Өнерлі  әже», «Парасатты әже», «Ұлағатты әже» номинацияларымен марапатталды. Мерекелік  ән шашу ретінде  Нұрлан Наргиза «Наурыз-көктем» әнін  орындады.