"Алғыс айту күні"

Дата: 2018-03-02 16:36:34

                                        "Алғыс айту күні" 

ЖББ  №8 орта мектебінде 2018 жылдың 1-наурызында «Алғыс айту күніне»  орай іс-шаралар жүргізілді. Балалар үйінің тәрбиеленушілері 7Ә сынып оқушысы Есілбеков Темірлан және 6В сынып оқушысы Балмағамбетов Ғалымжан мектеп психологы Абдуалиева З.Н. мен әлеуметтік ұстаз  Жолболдина А.М. бірігіп, тәрбиешілеріне алғыс ретінде қолдан ашықхат жасап, жылы лебіздерін білдірді.
Сонымен қатар, 6В сынып оқушыларымен психолог Абдуалиева З.Н. «Жылы лебіз» тренинг жаттығуын өткізді. Сыныптастары  Балмағамбетов Ғалымжанға  алғыс айту күнін негізге ала отырып,мерекелік көңіл-күй сыйлады.Өздерінің Ғалымжандай жақсы сыныптас досы бар екеніне қуанатындықтарын айтып, қуаныш сыйлады. Ғалымжан сыныптастарының жылы лебіздеріне алғыс айтты.