"Ең үздік Ұлан сыныбы" байқауы

Дата: 2018-02-05 20:19:27

   2018 жылдың 3 ақпаны күні  мектепішілік  "Ең үздік ұлан сыныбы" байқауы өткізілді. Байқау мақсаты ұлан сыныптарын  сыннан байқап, облыстық жарысқа  іріктеу болатын. Шара барысында  саптық тәсілдерді, командаларды шапшаң, әрі дұрыс орындау ұландарға қиындық келтірмеді.  Билет түрінде берілген  сұрақтарға дұрыс жауап беруде ұландардың білімдері тексерілді. Соңғы  сайыс шарты бойынша   әр команда  вальс биін   билеп, би сабағындағы машықтарын көрсете алды.  Байқауға көрермен ретінде ұлан сыныптарының  ата-аналары да қатыстырылды. Байқау  қорытындысы бойынша  қатысушы командалар  І, ІІ, ІІІ  жүлделі орындармен марапатталды.