«Ұстаздан қалған естелік» дөңгелек үстел

Дата: 2018-01-22 13:26:50
«Ұстаздан қалған естелік» дөңгелек үстел

       Мектебімізде оқушыларға ұстаз еңбегін, ұстаздық тәлім – тәрбие бағыттарын құрметтеуге, сыйлауға, бағалауға тәрбиелеу, мектеп мұражайын  жәдігермен толықтыру мақсатында мектеп музейінде Қазақстан республикасының білім беру ісінің үздігі , аға ұстаз Сыздықова Шайзада Рұсқылқызымен дөңгелек үстел басында сыр-сұхбат өтті. Шара барысында оқушылар Шайзада Рысқұлқызына көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, естеліктерімен бөлісіп, дөңгелек үстел басында  қызықты сыр –сұхбат өтті. Сонымен қоса оқушылар қонағымызға арнап өлеңдер оқып, домбырамен күй шертіп берді. Сыр-сұхбат барысында Ш Рысқұлқызы музейімізге әкелген кітаптар мен өзі басшылық еткен кездердегі іс-шаралар әзірлемесін табыстап музей қорын құнды жәдігерлермен толықтырды. Шайзада Рысқұлқызы оқушыларға батасын беріп, тілегін айтып, шара соңында мектеп музейіндегі қолтаңбалар кітабына қолтаңбасын қалдырып, оқушылармен естелікке суретке түсті.