«Арман қала – жас қала, асқақтай бер,Астана!»

Дата: 2017-12-07 15:26:41
«Арман қала – жас қала, асқақтай бер,Астана!»

  Астананың 20 жылдығына орай  мектебіміздің  кітапханасында 3А сынып оқушыларымен «Арман қала – жас қала, асқақтай бер,Астана!» атты кітап көрмесіне шолу өтті. Мақсаты: Оқушыларға Астана туралы терең түсінік беру.
 Астана- Отанымыздың елордасы. Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынысымен  1997  жылы қала Қазақстанның жаңа астанасы болып жарияланды. Астана тез өсіп, дамып келеді. Ол –еліміздің мақтанышы. «Астана –Бәйтерек» кешені –Астананың символы. Сондықтан бұл қала бәрімізге ерекше қымбат, айрықша аяулы.Оқушыларға Астана туралы кітаптар ұсынылды.