Республикалық «Жас ұлан» мектебінің тыңдаушыларымен кездесу

Дата: 2017-01-16 08:06:00
Республикалық «Жас ұлан» мектебінің  тыңдаушыларымен кездесу

  2017 жылдың 12-қаңтар күні  АӘД жетекшісі Т.Е.Еримбетовтің ұйымдастыруымен жалпы білім беретін №8 орта мектебінің 9-сынып оқушылары мен ұландар сыныбының оқушылары арасында  Республикалық «Жас ұлан» мектебінің  тыңдаушыларымен кездестіру ұйымдастырылды. Кәсіптік бағдар беру мақсатында , оқушыларға Жас ұлан мектебіне қандай дайындықпен түсуге болатыны жайында мектеп тыңдаушылары толық ақпар берді. Оқушылар арасынан өз көңілдеріне  сұрақтар да қойылды. Республикалық  «Жас ұлан» мектебінің   тыңдаушыларына қарастырылған  жағдай туралы және қойылатын талаптары туралы да  айтылды. Мектеп директоры А.Т.Токейбекова  «Жас ұлан » мектебінің әкімшілігімен байланыста отырғанын, аталған мектепке оқушылар психологиялық тұрғыдан жақсы дайындықпен келу керектігін ескертті деп айтты.Мектебімізден бірқатар   оқушылар  осы аталған оқу орнына түскісі келетінін де айтты. Кездесу соңында ескерткіш ретінде  суретке түсірілді.