Жалпы білім беретін №8 орта мектебіндегі «Жолда жүру қауіпсіздігі» апталығы өткізілгені туралы ақпар

Дата: 2016-11-18 09:14:32
     Жалпы білім беретін №8 орта мектебіндегі «Жолда жүру қауіпсіздігі» апталығы  өткізілгені туралы ақпар

  Жалпы білім беретін №8 орта мектебінде 2016 жылдың 14-18қараша  аралығында «Жолда жүру қауіпсіздігі » апталығы өткізілді. Шара мақсаты - оқушыларды жолда жүру ережесімен таныстыру, ережелерді есте сақтауға үйрету, жаяу жүргіншілерге  ол ережесі туралы білімін кеңейту, жол белгілерін ажырата білу, жол апаттарын болдырмау. 14-қараша күні мектебімізде «Айқын бол» насихат акциясы өтті.Насихат акциясына 25 оқушы қатысты. Насихат акциясын аға тәлімгер жүргізді.                                                                                                                            Олар жолда жүру ережесін меңгеріп, келе жатқан көліктің алдынан кесе жүгірмеу керек екендігі, жолда үнемі жүргіншілерге арналған жол арқылы жүру екендігін түсінді, басқа да көптеген ережелермен таныстыры. Шара соңында автокөлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілерге жол қауіпсіздігін сақтауға арналған жадынамалар таратылды.