Жалпы білім беретін №8 орта мектебінде қалалық семинар өткізілгені туралы ақпар

Дата: 2016-11-02 10:13:47
Жалпы білім беретін  №8 орта мектебінде  қалалық семинар өткізілгені туралы ақпар

   2016-жылдың 25-қазан күні «Патриоттық тәрбие-кемел ұрпақ кепілі» тақырыбында өскелең ұрпақты патриоттық  тәрбиелеудің заманауи қазақстандық моделін қалыптастыру мақсатында қалалық семинар өткізілді.
   Семинар басында мектеп директоры А.Т.Токейбекова  «Патриоттық тәрбие-кемел ұрпақ кепілі» тақырыбында баяндама оқыды.Семинарға  қала мектептерінің алғашқы әскери дайындық жетекшілері мен  тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары  және   облыстық оқу-әдістемелік орталығының әдіскері С.С.Контаев қатысты. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.С.Алпысбаева облыстық «Айбар азаматтық патриоттық»  тәрбиелеу орталығы әлеуметтік педагогикалық жобасының мақсат, міндеттерімен таныстыра келе, мектебіміздің 2015-2016 оқу  жылынан бастап  аталған жобаға енгізілгеніміз туралы  айтып өтті. Сонымен қатар атқарылатын жұмыстар бағытын таныстырды.
   Кадет сыныптарында оқылатын «Елтану» және «Руханият»  курстарының жетекшілері  Ұ.Ожхан мен А. Бакишева курс бағдарламасымен таныстырды.
   Семинардың екінші бөлімінде кадет сыныптарында «Риторика в лицах», «Географиялық координаталар жүйесі» және би элементтерін үйретуге арналған жаттығулардан сабақтар көрсетілді.
   Семинардың үшінші бөлімінде 10-11 сыныптар арасында  «Алау» әскери-спорттық сайыс өткізіліп, қатысушы топтар жүлделі орындармен марапатталды.
   Соңында  семинар қатысушылары өздерінің пікірлерімен бөлісіп кері байланыс өткізілді.