Құқықбұзушылықтың алдын-алу

Дата: 2016-10-11 02:01:20
Құқықбұзушылықтың  алдын-алу

   Жалпы білім беретін №8 орта мектебінде 2016 жылдың 6-қазан күні мектепте әлеуметтік ұстаз В.С.Жамкееваның ұйымдастыруымен мектеп инспекторы К.Ж.Жандығұловты қатыстыра отырып,  8-9 сынып оқушыларымен  құқықбұзушылықтың алдын-алу  мақсатында  кездесу өткізілді.
   Әлеуметтік ұстаз   оқушыларға  құқықтық тәрбие туралы айтып,мектеп инспекторы  құқықбұзушылықтың, яғни, түнгі уақытта  ата-анасының қарауынсыз жүруге болмайтынын, заңсыз заттарды  таратуға ,тасымалдауға болмайтыныны, ұрлық  және вандализм туралы  түсіндіріп, жат қалақтарға бой алдыруға болмайтынын айтты. Түсіндіу барысында олардың  ҚР заң кодексінің баптарымен де таныстырып, қолданылатын шаралар мен айыппұлдарды айтып өтті. Оқушылар өздерінің  ойларындағы  сұрақтарын қойып жауап алды.