Жалпы білім беретін №8 орта мектебінде Отбасы күні мерекесіне орай өткізілген іс-шаралар ақпары

Дата: 2016-09-15 02:48:07
Жалпы білім беретін №8 орта мектебінде Отбасы күні мерекесіне орай өткізілген іс-шаралар ақпары

   2016-2017 оқу жылындағы қыркүйек айының 10-ы күні  жалпы білім беретін №8 орта мектебінде Отбасы күні мерекесіне орай жоспарланған іс-шаралар өткізілді.  Мектеп кітапханасында «Отбасыдан қымбат не болуы мүмкін?» тақырыбында бұрыш  ұйымдастырылып, оқушылар отбасы құндылығы туралы  мәліметтер алып отырды. Алдын-ала  тақырыптық стендтер безендіріліп, бастауыш сынып  оқушыларының «Атам,әжем қасымда»  тақырыбында сурет көрмесі ұйымдастырылды. Отбасылар  күні  сынып жетекшілері  қоғамда  отбасылық құндылықтарды насихаттау мақсатында   оқушылар мен ата-аналарды біріктіре отырып, іс-шаралар өткізді. Апта шеңберінде мектебімізде  денешынықтыру мұғалімдері   ата-аналармен  біріккен спорттық іс-шаралар өткізді. Ата -аналар балалармен отбасылық шығармашылықтарға қатысып, марапатталып отырды. 5-6 сынып оқушыларының арасында бейнелеу пәнінің мұғалімі К.Мырзахметованың жетекшілігімен «Менің отбасым» атты  асфальтта сурет салу  сайысы өткізілді. Оқушылар менің отбасым, мен бақыттымын деген  қуанышты сезімдерін  суреттеп,соңында «Мен отбасымды сүйемін!» деген үнпарақтармен суретке түсті. Сондай-ақ аталған мереке аясында  ата-анасының қамқорлығынсыз қалған  балаларға қамқорлық акциясы ұйымдастырылып, оқу –құралдары үлестірілді. 10.09 күні «21 ғасыр ата-аналары» тақырыбында 1—сынып ата-аналарымен  конференция өткізілді.Конференцияда меттеп психологі тренингтар өткізіп, үш тілділік туралы бейнесюжетпен таныстырып, ата-аналардан пікірлер алынды.