«Шағала» жазғы сауықтыру лагерінің ашылу салтанаты

Дата: 2016-06-21 09:18:54
 «Шағала» жазғы сауықтыру лагерінің ашылу салтанаты

ЖББ №8 орта мектебінде 20.06.2016 күні«Шағала» жазғы сауықтыру лагерінің ашылу салтанаты өтті. Мақсаты:балалардың жеке шығармашылық қасиеттерін дамыту, сыйласымдық адамгершілік қасиеттерді бағалауға үйрету.

  Балалар екі топқа бөлініп, лагерьдің атын, ұранын, өздерінің топтарының ұрандарын жатқа айтты. Жиын әрі қарай әр түрлі бижарыс ойындармен жалғасты.

«Бала деген бір бақыт!» атты жиынды бастамас бұрын мектеп директоры Төкейбекова Айгүл Төкеновна құттықтау сөзін білдірді.

  Осы мерекеге байланысты балалар демалыстарын қызықты өткіземіз деген құлшыныстарын тақпақ айту арқылы жеткізе білді.

  Жиында оқушылармен қатар мұғалімдер әр түрлі кейіпкерлердің (Пеппи, қуыршақ, Микки Маус) рөлдерін сомдап, костюмдерін киді. Барлық оқушылар мен кейіпкерлерді сомдаған мұғалімдер бірігіп «Танец маленьких утят» биін биледі.

  Жиын жүргізушісі «Шағала» жазғы сауықтыру лагерінің педагог қызметкерлерін таныстырды. Балалар көңілді ойындар ойнап, соңында балмұздақ таратылып, үйлеріне қайтарылды.