Күдікті тұлғаларды байқаған жағдайда халыққа арналған жаднама

Дата: 2016-05-16 10:29:39

Терроризм актілерін дайындау немесе жоспарлауды куәландыратынбелгілері

1)                сіз жұмыс істейтін немесе үйдің ауласында, ғимарат айналасында (жиі баратын жеріңізді)күдікті тұлғалардың бірнеше рет көрінуі, фото және бейне түсірме жасауы, сондай-ақ дәптерге жазба жасау;

2)                құқық қорғау орган қызметкерлерімен кездесуден қашу және бейне камерадан бұлтару әрекеттері (басын түсіру, бұрылып кету, бетін жабу);

3)                жер төле және шатырларға техникалық қызмет көрсетуге қатысы жоқ тұлғалардың кіруі;

4)                тұрғын және әкімшілік ғимараттарға қызмет көрсететін персоналдар және күзетушілермен бейтаныс адамдардың негізсіз байланысқа түсуі, олардан жұмыс тәртібі, қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шаралар және т.б. жөнінде мәліметтерді жинақтау;

5)                бөгде тұлғалармен маңызы төмен жұмыстарды (пакет, түйіншек, посылка беріп жіберу)ірі сыйақыға орындайтын тұлғаларды іздеуі.  

 

Күдікті тұлғаларды байқаған жағдайда келесі іс-қимылды орындау қажет:  

1)    Ұстауға өздігімен әрекет қабылдамау;

2)    Олар жөнінде құқық қорғау органдарына шұғыл хабарлау;

3)       Өзіңіз назарға түспеу, тұлғалардың санын, нақты сыртқа белгілерін, киімдерін және оларда бар заттарды, қолдануындағы автокөлік номерін және маркасын, қозғалыс бағытын белгілеп алу.