«Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты жиыны

Дата: 2016-01-21 06:34:11
«Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер  ұйымына қабылдау салтанатты жиыны

Республикалық «Жас Ұлан» бірыңғай  балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына 5 сыныптардың үздік оқушыларын қабылдау салтанатты жиыны болып өтті. Жиынға мектеп директоры А.Т. Төкейбекова және тәрбие ісінің меңгерушісі Ж.Қ. Жетпісбаева сондай –ақ «Жас Ұлан» ұйымының ұлан басшысы Бегімбаева Назерке мен мектеп ұстаздары мен оқушылары қатысты.
Салтанатты жиынымызда  «Жас Ұлан» ұйымына қабылданған 5 сыныптар мен 9 Г сынып оқушылары дайындаған агитбригадаларын  ортаға салып көрсетті. Ал 9 Ә сынып оқушысы Қуантаев Ернаттың орындауында  «Туған елім» атты патриоттық ән айтылды.  Қабылданған оқушыларға  ақ жол тілеп жылы лебіздерін білдіріп туымыз түстес көгілдір галстук және төсбелгі тағылды. Одан әрі «Жас Ұлан»ұйымының ұраны айтылып, әнұран шырқалды.