ЖББ №8 орта мектеп кітапханасында өткізілген «Туған өлкемнің көшелері» атты іс – шараның ақпары

Дата: 2015-11-05 08:38:43
ЖББ №8 орта мектеп кітапханасында өткізілген «Туған өлкемнің көшелері» атты іс – шараның ақпары

  2015 жылдың 5 қарашасында  ЖББ №8 орта мектебінде  4А,Ә,Б сынып оқушыларының қатысуымен «Туған өлкемнің көшелері» атты танымдық іс- шара өткізілді. Бұл іс – шараны  осы мектептің кітапхана меңгерушісі Исабаева Р.А. және кітапханашы Мырзагалиева С.Р. ұйымдастырды.
   Іс – шараға жиналған 4 сынып оқушыларына Роза Алханқызы туған өлкеміз Балқаш қаласы жайлы қызықты мағлұматтарға тоқтап «Туған  жерім – тал бесігім » атты кітап көрмесіне шолу жасады. Кітапханшы Мырзагалиева С.Р. оқушыларға қаламыздың көшелерінің өзгерістері  жөнінде ақпар берді. Сонымен қатар қатысқан әр оқырман өзінің тұрғылықты ауданы жөнінде айтып өтті. Қатысушылар Балқаш қаласының жаңа өзгерістері жайлы мағлұмат алды.