«Бірге – күштірек, сәттірек, бақыттырақ!» ата-аналарды және түлектерді ҰБТ-ға психологиялық дайындау бойынша тренингтік сабақтың ақпары

Дата: 2015-06-01 05:15:58

      30.05.2015 жыл, сағат 11.30-да  ЖББ №8 орта мектебінде ҰБТ тапсырушы жасөспірімдердің ата-аналар мен түлектердің  қатысуымен  тренинг өткізілді. Бұл тренинг-сабақ ата-ана өзінің және баласының эмоционалдық жай-күйлерін реттеу, балалардың ҰБТ уақытында және одан кейін үрейленбей, сабырлылығын сақтауға көмек көрсете білу мақсатында жүргізілді. Тренинг сабақты  мектеп директоры А.Т. Төкейбекова ашып, ҰБТ-ні тапсыру барысында болатын тәртіп жөнінде айтып өтті .Одан кейін сөз кезегі мектеп психологы З.Абдуалиеваға берілді. Тренинг «Есіміңді ата» жаттығуынан басталды.
Мақсаты: топқа қатыстылық сезімін, бір-бірімен жақындық сезімдерін арттыру.