Алғыс айту күні

Дата: 2019-03-20 18:43:14
Алғыс айту күні

 1- наурыз Алғыс айту күні. Елімізде көптеген ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүруде. Бұл мереке еліміздің тарихына құрмет көрсететін, барлық қазақстандықтарды береке - бірлікке, жасампаздық жолына шақыратын мереке. Осы мерекеге орай қаламызда өткен шараға біздің №7 мектеп-гимназия ұжымы да ат салысты. Ұйымдастырылған көрмеге ата - бабамыздың тұрмыс-тіршілігіндегі қолданылған заттар: ат әбзелдері, қару-жарақтар, күбі, қоржын т.б қойылып, таныстырылды. Әжелер, аталар, оқушылар қазақтың ұлттық киімін кисе, Алтын адам ролін Слямханов Диас сомдады. Оқушылар қымызмұрындықтың тарихын таныстырып өтті.

Автор: №7 МГ