3-9 желтоқсан күндер аралығында «Код сағаты Қазақстан» акциясы аясында өткізілген «Код сағаты» акциясы

Дата: 2019-02-11 01:04:11
3-9 желтоқсан күндер аралығында «Код сағаты  Қазақстан» акциясы аясында өткізілген  «Код сағаты» акциясы

  3-9 желтоқсан күндер аралығында «Код сағаты  Қазақстан» акциясы аясында 3-11 сыныптар арасында «Код сағаты -2018»  атты апталық ұйымдастырылды. Бұл апталықтың мақсаты  XXI ғасырдағы негізгі дағдыларының бірі  –  бағдарламалауға қызығушылық ояту,  жас ерекшелігіне қарай ойлау қабілетіне қарамастан әркім бағдарламалауды үйрене алатынын көрсету, бағдарламашы мамандығымен таныстыру  және бағдарламалауды үйренуде табысқа жету жағдайын құру.

Оқушылардың  назарын аудару үшін сабақтың басында мотивациялық бейнебаянды көру ұсынылды. Бұл бейнебаян атақты бағдарламашылардың қатысуымен түсірілген, яғни  компьютерлік ойындардың Minecraft, Angry Birds, Counter Strike және т.б. ойындардың бағдарламаларын  қалай  жазғанын қысқаша көрсетеді. Жоғары сыныптың оқушылары өз деңгейлеріне сай келетін күрделі ойындардың, яғни «Звездные войны», «Холодное сердце» т.б. ойындардың кодтарын жазды. Оқушылар қызығушылық танытып, бағдарламашы болу қалай және код жазу не екенін үйренетін сабақ екені түсіндірілді. Кодты жазбас бұрын оқушыларға бағдарлама интерфейсімен таныстырылды.

Hourofcode.kz сайтындағы сабақ өткізу бойынша әдістемелік және ақпараттық материалдарды қолдана отырып, 3-4 сынып оқушыларына сынып сағатында және 5-11 сынып оқушыларына информатика сабағы шеңберінде тақырыптық сабақ ретінде өткізілді.

Акцияға барлығы – 250 оқушы қатысып, оның ішінде 187 оқушы сертификат алды.

Автор: №7 МГ