Мектепішлік Олимпиада

Дата: 2019-02-11 01:02:17
Мектепішлік Олимпиада

23.11.2018 жылы 3-4- сыныптар арасында 100 оқушының қатысуымен мектепішілік пән олимпиадасы болып өтті.  Олимпиада  І турдан тұрады, тапсырма орындау уақыты 75 минут. Осы уақыт аралығында оқушылар 10 тапсырманы оқу бағдарламасынан, 5 тапсырманы логикадан орындады. Тапсырма күрделілігіне қарай ұпай саны да артты.  Жаңартылған білім мазмұнымен  3-ші жыл оқып отырған 3- сынып оқушылары үшін олимпиадалық тапсырмалардың құрылымы өзгеше болды. Тыңдалым дағдысы бойынша мәтін тыңдап, мәтінге байланысты тест сұрақтарына жауап берсе, оқылым дағдысына тақырыпқа сәйкес өзіндік көзқарасын білдіруге бағытталған  тапсырмалар орындатылды. Олимпиада қорытындысы шығарылып, көрсетілген нәтижелеріне сәйкес оқушылар марапатталды. Білімге жаңаша бағыт алған жас білімпаздарымызға сәттілік тілейміз!!!

Автор: №7 МГ