Астана қаласында өткен ХІ республикалық "Жырлайды жүрек" атты Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін оқудан байқау болды

Дата: 2019-02-11 00:57:30
Астана қаласында өткен ХІ республикалық

Астана қаласында өткен ХІ республикалық "Жырлайды жүрек" атты Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін оқудан және өлеңіне жазылған әндерден жасөспірімдер мен балалар арасындағы ән-жыр байқауының "Көркем сөз" номинациясы бойынша мектебіміздің 11-сынып оқушысы Көпбаева Гүлім Бас жүлдені жеңіп алса, 10-сынып оқушысы Мырзақұл Жангер І орынды жеңіп алды. Сонымен қатар Мырзақұл Жангер Халықаралық "Ғұмырдария" балалар мен жасөспірімдер арасындағы ән-жыр байқауының Үздігі төсбелгісімен марапатталды. "Бейнелеу өнері" номинациясы бойынша 9-сынып оқушысы Керімбай Ерқанат ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Қазақтың ұлы ақыны Мұқағали Мақатаевтың "Жырлайды жүрек" байқауына оқушыларды дайындап, әдебиет пен өнерге баулып, ақын мұрасын насихаттауға үлес қосқан мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Уалиева Әсем Мұхамедіғалықызы, орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Сатанова Шакизат Молдашевна және мектеп басшысы Манатаева Гулзада Мукатаевна М.Мақатаев қорының президенті Б.Айдарованың алғыс хатымен марапатталды. Шығармашылықтың шыңынан көрініп жүрген жеңімпаздарымызды құттықтаймыз!!!

Автор: №7 МГ