"Жыл мұғалімі" байқауының қалалық ІІІ кезеңі өтті

Дата: 2019-02-11 00:54:47

Бүгін, яғни 1 қараша күні педагог мамандығының мәртебесін арттыруда, олардың педагогикалық ұстанымы мен тұлғалық әлеуетін көрсетуде және кәсіптік шеберлігін ынталандыруда облыстық "Жыл мұғалімі" байқауының қалалық ІІІ кезеңі өтті. Мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімі Исабаева Айман Тұрсымбекқызы өзінің креативтілігін, даралығын, әртістік шеберлігін көрсетіп, және күрделі педагогикалық жағдайды шешуде оңтайлы жол таба біліп, шығармашылықтың шыңынан көрініп, жүлделі ІІІ орынды жеңіп алды.Жеңімпазымызды құттықтаймыз!

Автор: №7 МГ