16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік құттықтау.

Дата: 2018-12-13 09:04:50

16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне

арналған мерекелік құттықтау

Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, оқушылар! Баршаңызды ҚР Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтаймын!

Бұл күн – ата-бабамыз аңсаған армандардың жүзеге асқан, елімізге еркіндік сыйлаған Ұлы күн. Осындай маңызы бар тарихи думанда еліміздің туы асқақтап, келешегі көркейе берсін.

Құметті оқушылар сіздер  «Тәуелсіздік», «Мәңгілік Ел» ұғымдарын саналарыңызға сіңіріп, қастерлеп өсуге міндеттісіздер!

Мемлекетіміздің тәуелсіздігі – ең алдымен халқымыздың бақыты!

Қадамы батыл, қарышты дамыған еліміздің тәуелсіздігі тұғырлы болғай! Мереке құтты болсын!

Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға бақыт, сәтті күндер, зор жетістіктер тілеймін. Барлық бастамаларда сәттілік, ертеңге сенімділік тілеймін. Ашық аспан аясында егемен еліміздің игілігі жолындағы істеріңізге мол табыс, жанұяларыңызға береке-бірлік, дендеріңізге саулық тілеймін.

Автор: №7 МГ