«Өмірге ИӘ деп айт!»

Дата: 2018-03-01 16:51:34
«Өмірге  ИӘ деп айт!»

     2018  жылдың 10 ақпаны мен 10 наурыз аралығында еліміздің барлық  білім беру ұйымдарында «Өмірге  ИӘ деп айт!» республикалық ақпараттық науқанөткізілуде. Осындай игі шараға «С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясы» КММ ұжымы мен оқушылары да қатысуда. Ақпараттық акцияның басты мақсаты –балаларды олардың денсаулығына зиян келтіретін ақпараттың, насихат пен үгіттің теріс ықпалынан қорғау, сондай-ақ осы саладағы халықаралық және ұлттық заңнама негіздері туралы үлкендер мен балаларды қоса, қоғамның ақпараттандырылуын арттыру, еліміздің барлық  аймақтарындағы балаларды зиянды ақпараттан қорғау мәселелері; Қазіргі таңда  балалардың әлеуметтік желілердің теріс ықпалына түсіп, оның соңы әр түрлі өкінішті жағдайларға жеткізіп жатыр. Осындай келеңсіздіктерден арылу үшін қоғам болып күресу қажет. Осындай қағиданы басшылыққа алып  «С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясы» КММ  «Өмір тамаша. Босқа қауіпке жол берме!» деген ұранмен өз өмірінің мәнін терең түсініп, жақсы мен жаманды айыра білулеріне ықпал ететін кешенді шараларға жоспар жасалды.  Онда бала денсаулығына зиян келтіретін ақпараттың, насихат пен үгіттің теріс ықпалынан қорғану мәселелері қозғалып, бала мен ата –анаға түсіндірілуде. Осындай ақымды іс-шаралар акция аясында ғана шектеліп қалмай, мектептің үрдісіне айналып үздіксіз жалғасын табатындығы сөзсіз!

Автор: №7 МГ