Қостанай, Павлодар және Қарағанды облыстарының тауарөндірушілері ЭКСПО-2017 құрылысына қатысады

Дата: 2016-03-19 04:06:15
Қостанай, Павлодар және Қарағанды облыстарының тауарөндірушілері ЭКСПО-2017 құрылысына қатысады

2015 жылғы 28 желтоқсанда «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімовтің Қостанай, Павлодар және Қара-ғанды облыстарының әкімдерімен жұмыс кеңесі болып өтті.

Аталған кездесу шеңберінде Қостанай, Павлодар және Қарағанды облыста-рының әкімдерімен меморандумдарға, сондай-ақ аталған үш өңірдің тауарөндіру-шілерімен шарттарға және меморандумдарға қол қойылды.

Облыс әкімдіктері мен «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ арасында «Отандық та-уарөндірушілерді Астана ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесі-нің құрылысына тарту туралы» Меморандумдарға қол қойылды. Құжат жергілікті кәсіпкерлерге шынайы қолдау болу үшін жасалған.

«Бүгін біз өңірлермен әріптестік туралы Меморандумдарға қол қоямыз. Осылайша біз мемлекет басшысының отандық кәсіпкерлерді ЭКСПО нысанда-рының құрылысына тарту жөніндегі тапсырмасын орындадық. Осының нәти-жесінде Қазақстанның әрбір өңірінде жаңа жұмыс орындары ашылды деуге бола-ды. Меморандумдар аясында барлығы 232 шартқа қол қойылды, бұл ретте 32 млрд. теңгеден астам сомаға жеткізілімдер орындалды. Сол сияқты отандық бизнес субъектілерімен 15 млрд. теңгеден астам сомаға жұмыстар орындалып, қызметтер көрсетілді» - деді «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясының басшысы.

Сонымен бірге, облыстардың әкімдері екіжақты ынтымақтастықтың маңызын атап өтті.

Қоғам Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Павло-дар, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Ақмола, Алматы, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарының, сондай-ақ Астана және Алматы қалаларының әкімдіктерімен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды.

ЭКСПО-2017 нысандарының құрылысына бас мердігер ұйымдары бо-лып 232 отандық тауарөндірушілер тартылды және жалпы сомасы 31,754 млрд. теңгеге шарттар жасалды: Астана қ. бойынша (179 кәсіпорын) 20,468 млрд. теңге-ге; Солтүстік Қазақстан облысы бойынша (1 кәсіпорын) 1,067 млрд. теңгеге; Қара-ғанды облысы бойынша (18 кәсіпорын) 8,122 млрд. теңгеге; Павлодар облысы бо-йынша (3 кәсіпорын) 0,678 млрд. теңгеге; Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша (2 кәсіпорын) 0,016 млрд. теңгеге; Шығыс Қазақстан облысы бойынша (1 кәсіпорын) 0,050 млрд. теңгеге; Ақмола облысы бойынша (19 кәсіпорын) 0,599 млрд. теңгеге; Алматы қаласы бойынша (7 кәсіпорын) 0,625 млрд. теңгеге; Алматы облысы бо-йынша (2 кәсіпорын) 0,129 млрд. теңгеге.

Бүгінгі күні ЭКСПО құрылыс алаңдарында көрме кешенінің барлық павильон-дары бойынша нөлдік циклдегі монолитті темір бетон жұмыстарының (паркинг-тердің) құрылысы бойынша жұмыстар 100 % көлемде аяқталды. Ғимарат каркас-тарының металл конструкцияларын монтаждау 81 %-ға орындалды. Ұйымдасты-рушының кеңсесінде құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталды.

«Энергияны зерттеу орталығында» нөлдік цикл жұмыстары тәмамдалды. Ғи-марат каркасының металл конструкциясын және шатыр мен қасбеттің негізін мон-таждау жүргізілуде. Бүкіл ЭКСПО аумағы бойынша инженерлік желілерді салу жүр-гізілуде.

Құрылысқа барлығы 7 421 адам және 444 техника бірлігі тартылған. Жалпы алғанда жобаларды қайта қарағаннан кейін құрылыс 78 миллиард теңгеге арзан-дады.

Әлеуетті жеткізушілермен болашақ бизнес-серіктестікті ЭКСПО бас мердігер-лері Ынтымақтастық туралы меморандумдарда және нақты шарттарды бекітті.

Қоғамның Бас мердігер ұйымдары мен облыстардың отандық тауарөндіруші-лерімен шарттарға қол қойылды, атап айтқанда: «Mabco construtions s.a.» АФФ «Завод Металл Профиль» ЖШС-мен Қарағанды облысы; «Евраз Каспиан Сталь» ЖШС-мен Қостанай облысы; «Kazcentrelectprovod» ЖШС-мен Қарағанды облысы; «BIGroup Corporation» ЖШС «Кастинг» ЖШС-мен Павлодар облысы; «ККК Бе-тон» ЖШС-мен Қарағанды облысы; «САЭС СРЕДАЗЭНЕРГОСТРОЙ» ЖШС «KMK Trade Company» ЖШС-мен Қарағанды облысы; «АБК Құрылыс-1» ЖШС «Казэ-нергокабель» АҚ-мен Павлодар облысы;

Сондай-ақ «Базис» ҚК» ЖШС «Сантехпром» ЖШС-мен Қарағанды облысы (меморандум), «Казэнергокабель» АҚ-мен Павлодар облысы; «Mega Plaza» ЖШС «Мутлу Гипс» ЖШС-мен Қарағанды облысы; «Turkuaz YDA Stroy» ЖШС «Bautas» ЖШС-мен Қарағанды облысы (меморандум); «Сембол Иншаат..» АҚ «Завод Ме-талл Профиль» ЖШС-мен Қарағанды облысымен (меморандум) арасында мемо-рандумдар жасалды.

Қарағанды облысының «Космонавт» қонақ үйіне «Recommended by EXPO-2017» белгісі табыс етіліп, туристік операторлармен және қонақ үйлермен арада ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды.

Автор: №7 МГ