Балқаш қаласының 80 жылдығына арналған «Туған қаламыздың тарихындағы батырлар» атты ғылыми-практикалық конференция туралы ақпарат

Дата: 2017-02-07 05:09:31
Балқаш қаласының 80 жылдығына арналған «Туған  қаламыздың  тарихындағы   батырлар» атты  ғылыми-практикалық конференция туралы ақпарат

         2017 жылдың  3   ақпанында М.Горький атындағы  № 1  жалпы білім беретін  орта мектебінде «Туған қаламыздың  тарихындағы батырлар»  атты  орыс тіліндегі мектеп оқушыларының   арасында ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

        Конференцияның негізгі мақсаты:   оқушылардың  ғылыми-зерттеу  жұмыстары  бойынша  жетістіктерін  көрсету және насихаттау,   қоғам назарын зияткерлік  әлеуетті  қалыптастыру мен  дамытуға  аударту,  батырлардың   мәңгі  өшпес ерліктерін  құрмет  тұту. Конференция    қаламыздың 80 жылдық   мерейтойының аясында   ұйымдастырылды. Өз тағдырларын  Балқаш қаласымен байланыстырған  бес   жерлесімізге   Кеңес Одағының   батыры      атақтары  берілген. Қала мектептерінің  оқушылары  Н.Г.Подсадник, О.Н.Щербаков, П.К.Миллер, В.С.Хоружая, З.Л.Асфандиярова   сияқты  Кеңес Одағының  батырлары туралы   зерттеу  жұмыстарын    көрсетті. Бұл батырлардың  ерліктері  мәңгі жадымызда сақталады. Конференцияға қатысушылар  жұмыстарының  негізгі    мәнін  толық  ашып, тақырыптың  өзектілігіне  назар аударды.    Конференцияға  шақырылған қонақтар:  қалалық  мұражайдың  қызметкері-  Д,А.Қожақов,   С.Сейфуллин атындағы    қалалық  кітапхананың   қызметкері- К.Н.Турганбаева,   қалалық  мұрағат бөлімінің  басшысы- Д.З.Серикбаева   конференцияға қатысқан  оқушыларға  дипломдар табыстады.  Әділқазы алқасының  шешімі  бойынша:

·        М.Горький атындағы № 1 орта мектептің   оқушысы  Рысбаева  Алика- 1 ші орынды;

·        Н.К.Крупская  атындағы № 4 орта мектеп  оқушысы- Асадова Анэлия- 2ші орынды;

·        № 24  орта мектеп оқушысы- Гюл Зарина- 3 ші орынды иеленді.