Білім бөлімінің білім беру мекемелерінің жаңа 2012-2013 оқу жылына даярлығы туралы кешенді шаралары туралы ақпараты

Дата: 2012-08-24 04:38:14

21.08.2012 жылғы жиналыс

 

Білім беру мекемелері объектілерінің жаңа оқу жылына даярлығы қала әкімдігі мен білім бөлімінің басты назарында.

Білім беру мекемелерін жылу беру мерзіміне көктемгі-жазғы кезеңде даярлау үшін, даярлық актісін мерзімінде алу мақсатында білім бөлімі  бойынша  11.04.2012 жылы № 181 бұйрығы шығарылып, іс-шаралар жоспары құрылды.      Даярлық жұмысы білім мекемелері үшін бекітілген жүйелі кестеге байланысты жүргізілді. Білім мекемелерін жылу беру мерзімі мен жаңа оқу жылына даяарлау бойынша Іс-шаралар қорытындысы қала әкімдігінің апта сайынғы штаб отырысында тыңдалады.

Барлық 28 білім мекемелерінің жаңа 2012-2013 жылу беру мерзіміне даярлығы 17 шілдеде 100%- ды құрайды.

Гүлшат кентінің №27 мектебінің әкімшілігі жеке кәсіпкер Н.Байкеновамен(Қарағанда қаласы) құны 927,0 мың тенгені құрайтын 90 тонна көмірді алуға және жеткізуге  03.07.2012 жылы №16 келісім шартына отырды.

2012 жылы жергілікті бюджеттен білім мекемелерін жаңа оқу жылына даярлау барысында 34730 мың теңге қаржы бөлінді, оның ішінде:

-  3 білім беру мекемесінде (№7,9,10 орта мектептер) 12200,0 мың теңгеге қоршаулар орнатылды;

- №1 орта мектепте 499,0 мың теңгеге электр қондырғылар ауыстырылды;

- №5 орта мектепке спорт залы мен киіну бөлмелерінің жөндеу жұмыстары үшін 7614, мың теңге бөлінді;

- №24 орта мектепке шатырын жөндеуге қаржы бөлінді, қаланың 6 мектебіне (№1,7,5,9,17,29, № 3 мектеп интернаты) 6287,6 мың теңгеге терезелерді біртіндеп ауыстыру жұмыстары жүргізілуде;

Сонымен бірге, барлық білім мекемелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге қажетті құрылыс материалдарына қаржы бөлінді.

         «Балапан» бағдарламасы бойынша 10 шағын топтағы жұмыс істеп тұрған 41 топты қамтамасыз ету үшін республикалық бюджеттен 107400,0 мың теңге бөлінді.

Қазақстан Республикасының  мемлекеттік жалпы білім стандартына сай жаңа дәуір оқулықтарымен қамтамасыз ету жалғастырылуда. 2012 жылы 1,2,3,7,8 сыныптар үшін 35293,0 мың теңгеге оқулықтар алынды.

Жергілікті бюджеттен асхананың технологиялық қондырғылары үшін 1082,4 мың теңге бөлінді (электр пеші, қуыру шкафтары, кухня жабдықтары мен ыдыс алынды)

Республикадан 3 химия кабинетін          алу үшін 12291,0 мың теңге қаржы бөлінді. Жаңа модификациялы кабинеттерді  жеткізу қазан айына жоспарланып отыр.

Оқу тәрбие үрдісін интерактивті оқыту жүйесімен қамтамасыз ету мақсатында жаңа интерактивті 21 жиынтық құрылғыларды алуға жергілікті бюджеттен 72350,0 мың теңге қаржы бөлінді. 2012 жылдың маусымында қондырғылар барлық мектептерге орнатылды.

Компьютерлік парк 1647 компьютерді құрайды, бір компьютерге 6,3 баладан келеді (2011 жылы- 7,1). Үстіміздегі жылы 13681,0 мың теңгеге 179 компьютер алынды.

Санитарлық нормалар мен ережелерге сай жасына лайықты жиһазбен ауыстыру жұмыстары жалғастырылуда. (оқушы парталары) Қала мектептері оқу жылының 1 жартыжылдығында құны 17062,0 мың теңгені құрайтын 68 жиынтық жиһаз алынды.  

Салауатты өмір салтын, белсенді демалысты  насихаттау мен сақтау үшін спорттық құралдарды жаңарту жалғастырылуда, қала бюджетінен 6640,0 мың теңге қаржы бөлінді.

«Білім беру» бағдарламасы бойынша бөлінген 14000,0 мың теңгеге №4,8 орта мектептерінде 2 корт орнатылды.  «Моноқалаларды 2012-2020 жылдарға дамытудың» бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен  бөлінетін  №1,7,15,15,24,5 орта мектептер мен №2 мектеп интернатының аумағына 8 корт орнату үшін 98000,0 мың теңге бөлінді.

Өрт қауіпсіздігіне үлкен назар аударылуда. Биылғы жылы бөлінген 2273,4 мың теңге есіктерді ауыстыруға, терезелерге алынбалы тор қоюға, өртсөндіргіш алуға, ағаш конструкцияларын өңдеуге, эвакуациялық жарық орнатуға жұмсалды.

Қала мектептерінің педагог қызметкерлерін медициналық бақылаудан өткізіу үшін 5 жыл бойына жергілікті бюджеттен қаржы бөлініп келді, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 48,51 бабына сай, қосымша (психиатр, фтизиатр, нарколог) мамандарынан өту енгізілді. Бүгінгі күні білімс беру қызметкерлерінің 56%-ы медициналық тексеруден өтті.

Әлеуметтік қолдауды қажет ететін жасөспірімдер үшін Жалпыға бірдей білім беру қорынан 2012 жылдың тамыз-қыркүйек айлары бойынша 4913,0 мың теңге бөлінді. Аталған қаржыға мыңға тарта бала жаңа оқу жылына  дайындала алады.

1 жартыжылдықта  4353 баланы құрайтын бастауыш сынып үшін тегін тамақтануға 117918,0 мың теңге бөлінді.

Дәстүрлі республикалық «Мектепке жол» акциясына дайындалу және өткізу үшін білім бөлімі үлкен жұмыс жүргізуде, 2012 жылдың 1 тамызынан бастап әлеуметтік қорғалмаған жанұялар балаларына көмек көрсету штабы жұмысын бастайды.

         Жалпыға бірдей білім беру айлығының қорытындысы бойынша 2012-2013 жылғы 1 сыныпқа баратын баланың саны шамамен-1197 бала, 10 сыныпқа 300-ден астам бала бармақшы.