Ақпараттандыру

Дата: 2014-07-09 05:20:20

  Ақпараттандыру – бұл ақпараттық ресурстарды қалыптастыру және тиімді пайдалану негізінде мемлекеттік басқару органдары мен азаматтардың ақпараттық қажеттіліктерін қанағаттандыруға қолайлы жағдай құру.

  Ақпаратық технологиялардың даму қарқындылығы соншалықты жылдам, тіпті кез-келген жаңа нәрсе мен жаңалық пайда болып үлгермей, әрбір үйге жетіп жатады.

Білім беру мекемелерін компьютерлік техникалармен жабдықтау мәселесі соңына дейін толық шешілген жоқ, күн тәртібінде қазіргі уақытта басқа мәселе тұр- ол компьютерлік техниканы қалай дұрыс пайдалану керек деген мәселе.

Бүгінгі таңда біздің мемлекетіміз негізгі тұжырымдамасы өркениет дамуының жаңа тарихи фазасынан құрылған негізгі тұжырымдамасы ақпараттық қоғам құру курсын қолға алды. Оның негізі – ақпарат және білім. Ақпараттық қоғамның ерекше белгілері:

•             Қоғам өмірінде ақпарат пен білімнің ролін арттыру.

•             Ішкі өнімнің жалпы көлемінде ақпараттық коммуникациялар, өнім және қызмет үлестерін жоғарылату;

•             Адамдардың өзара ақпараттық, тиімді әрекет етулерін, олардың әлемдік ақпараттық өнім мен қызмет түрлеріне деген қажекттіліктерін қамтамасыз ететін жаһандық ақпараттық кеңістік құру;

  2015 жылда білім беру дамыту мемлекеттік бағдарламаның басым бағытының бірі – орта білім беру жүйесін ақпаратандыру. Білім бөлімінде 2020 жылға дейін білім беру ұйымдарын ақпараттандыру және компьютермен қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар жоспары құрылған. Аталған жоспарда компьютерлік сыныптар ашу, компьютерді тиімді пайдалану, Ғаламатор қызметін қолдану, веб-сайттар ашу, ADSL техноогиясын енгізу, педагогтардың компьютерлік сауаттылығы, біліктіліктерін арттыру сұрақтары толық қарастырылған.

Қаламыздың білім беру жүйесінде 4 инновациялык, 12 жалпы білім беретін орта мектеп, 2 мектеп –интернат бар. Жыл сайын білім беру ұйымдарында компьютерлер саны артып келеді. 2004 жылы қала мектептеріндегі компьютерлер саны – 457, 2005 жылы – 517, 2006 жылы – 659, 2007 жылы – 709, 2008 жылы – 1065, 2009 жылы– 1173, 2010 жылы – 1223, 01.09.2011ж. - 1463  2012 жылы – 1689,  2013 жылы  – 1717, 2014 жылы – 2017 машина құрады. Компьютерлер санын арттыруына байланысты, 1 компьютерге – 5,2 адамнан келеді. Білім беру ұйымдары компьютерленген.

Барлық жалпы білім беретін мектептерде облыстық біліктілікті арттыру институтымен әзірленген информатика кабинеті туралы ережеге сәйкес информатика кабинеттері жабдықталып, құралған.

Қала мектептерінде 34 информатика кабинеті қызмет етеді. Мектептер бойынша бұл кабинеттердің орташа жүктемесі аптасына 59 сағат: 36 оқу сағаты, қосымша сабақтар жүктемесі: 10 сағат – үйірме, 10 сағат –оқушыларға арналған курстар, 3 сағат – мұғалімдер курсы.

Оқу үрдісіне жаңа ақпараттық технологияларды енгізу мақсатында білім бөлімі электронды нұсқада оқу және ақпараттық бағдарламаларды жоспар бойынша алуда.

Қала мектептерінің АЕТ  кабинеттерінде әдістемелік – оқыту кешендері құрылған – әр түрлі әдістемелік әдебиеттер, мұғалімдерге арналған дидактикалық материалдар бар. Осының барлығы оқу үрдісінің мазмұны мен формасын айтарлықтай өзгертіп, жақсартуға мүмкіндік береді.

Кейбір мектептер қатарында Ғаламтор-клубтары ұйымдастырылған, бұл мектеп оқушыларына сенбі, жексенбі және демалыс кезінде өз білімдерін толықтыруға мүмкіндік береді.

Барлық мектептер және білім бөлімі Ғаламтор желісіне қосылған. Ғаламтор желісі оқушылар мен мұғалімдер ғылыми-зерттеу жұмыстары кезінде олимпиадаға дайындалуға, онда, ғылыми жобалар мен реферат, түрлі ғылым саласында баяндамалар дайындағанда қолданады. Ғаламторда апталық жұмыс істеудің орташа уақыты 10 сағатты құрайды.

Білім мен мәдениеттің ұйытқысы болған педагогтар еліміздің гүлденуіне бағытталған түрлі бағдарламаларды іске асыруға алғашқы болып қатысуда.

№2 лицей, № 1, 4, 5, 8, 9, 10, 15, 16, 17 орта мектеп, № 7 мектеп –гимназия сияқты қаланың 14 мектебінде мультимедиялық жабдықтармен қамтылған кабинеттер қызмет жасайды.

Бұл кабинеттердің ақпараттық қоры мен техникалық жабдықталуы Мемлекеттік білім беру стандартына сәйкес 7-11 сынып оқушыларына қазақ, орыс, ағылшын тілдерін үйретуге, сонымен қатар барлық компьютерлік Ғаламтормен жұмыс істеуге, оқыту үрдісінде графопроектор, интерактивті тақтаны қолдануға мүмкіндік береді. Бұл мектептерде – 60 интерактивтік тақта орналастырылған.

Қала мектептерінде информатика пәнін 24 мұғалім оқытады, оның ішінде 21-сы арнаулы жоғарғы білімді, 3- арнаулы орта білімді. Информатика мұғалімдері КДИ тарапынан ұйымдастырылатын курстарда жүйелі түрде біліктілігін арттырып, тәжірибе алмасып, өздерінің авторлық бағдарламаларын әзірлеуде.

Компьютер техникасын тиімді пайдалану оқу-тәрбие үрдісіне бірнеше бөліктерден тұратын жаңа ақпараттық технологияларды енгізуді қарастырады. Ғаламторды пайдалану, компьютерлік техниканы қолдану арқылы әдістемелік – оқу жұмыстарын ұйымдастыру, ғылым негіздері бойынша пәндерге ақпараттық тәртіпті интеграциялау, бейінді оқыту, үйірме,факультатив, курс, қосымша білім беру қызметтерін ұйымдастыру.

Барлық жалпы білім беретін мектептерде информатика кабинеттері облыстық біліктілікті арттыру институтымендайындалған талаптармен ережелерге сәйкес жабдықталған. Биылғы оқу жылында АЕТ  кабинеттері 34- ті құрайды. Компьютер жұмысының тиімділігін құрайтын бір бөлік ол – Ғаламтор желісінің қызметін пайдалану. Ғаламтор желісінде көп мұғалімге де, оқушыға да қажет көптеген сайттар бар.

Қашықтықтан ұйымдастырылған әр түрлі байқаулар мен олимпиадаларға қатысу балалардың дүниетанымын кеңейтіп, оқуға деген қызығушылығын арттыра түседі.

Бүгінге дейін біз 100% Ғаламтор желісіне қосылуға қол жеткіздік.

Компьютер техникасын тиімді пайдаланудың өлшемі болып, оны басқа да пәндерді оқыту кезінде қолданады.

Біріншіден, Ғаламторда көптеген материалдарды іздеуге қалыптасқан, онда түрлі пәндерді оқыту бойынша сабақтардың толық кешендері; екіншіден – компьютерлер уақытты үнемдеуге, көрнеклік материалдарды тиімді пайдалануға болады.

Көптеген мектептерде жарты жылдық ағымында компьютерлік техникалардың көмегімен сабақтар өткізілді. Бұл мектептерде осындай сабақатар әзірлемелерімен арнайы жинақ папкалары бар. Оқу тәрбиелеу үрдісіне үрдісіне ғылым негіздерін тереңірек оқытуға, оқушылардың танымдарын кеңейтуге, түрлі бағдарламаларды меңгеруге бағытталған үйірмелер, факультатив пен курстар енгізу компьютерлік техниканы тиімді қолдану жағдайының бірі болып табылады.