Размер шрифта:

«e-Iearning» және «Білімал» электронды оқыту туралы ақпарат

Дата: 2014-07-09 05:04:28

Елбасы тапсырмасын орындау мен Қазақстандағы білдім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасын іске астыру барысында 2012-2013 оқу жылынан бастап барлық мектептерде «Білімал» электронды оқыту енгізілген. Аталған бағыт бойынша қалада білім бөлімі қызметкерлері мен педагогтарға арналған облыстық семинар  өтті. «Білімал» электронды оқыту оқу үрдісін жүйелеуге әсерін тигізеді, ата-аналар қоғамдастығы үшін қолжетімді, мектептің оқу жүйесін бақылау мен басқаруға көмектеседі.

Электронды оқыту аяасында №17 орта мектепте өткен оқу жылынан бастап, «Электронды оқыту «e-Iearning» пилоттық бағдарламасы ендірілді.

Оқытуды бастауыш және пән мұғалімдері өтіп, білім беру контентін пайдалану, Интернет технологиясын құру, басқаруда қолжетімділігін, сенімділігін үйренді.Оқу-әдістемелік кешеннің негізгі елементтерін қарастырды, оқу жүйесін басқару жүйесін жетілдіру, презантацияларды қорғау, өзін-өзі дамыту аксиомасын, ата-аналарға арналған  СМС- күнделікпен, баға журналдары, сабақ кестесімен жұмыс, оқушылар жайлы ақпарат құпиясын сақтау мен олардың оқу үлгерімін қадағалау әдістерін қарастырды.

Қазіргі заманғы ИКО меңгеру, өзінің кәәсіптік біліктілігін көтеру мақсатында информатика мұғалімдері жыл сайын компьютерлік технология бойынша мәселелі курстардан өтеді.  Компьютерлік сауаттылығын көтеру мақсатында, барлық информатика мұғалімдері INTEL бағдарламасы бойынша оқытудан өтіп,  республикалық деңгейдегі сертификат алды.

Өткен оқу жылында Қарағанды қаласында пән мұғалімдері биологиядан О.Ю.Почтарь, химиядан Е.А.Султанова, бастауыш сынып мұғалімі А.В.Ненадовец электронды білім беру кеңістігімен танысу мақсатында «Электронды оқыту ортасы жалғыз оқушы: жалғыз компьютер «Жобалық іс-әрекеті» курсынан өтті.

Онлайн режимінде қалалық, облыстық деңгейде сабақ өткізу пән мұғалімдері үшін дәстүрге айналған.

Ақпараттық технологиялармен жұмыс істеуде ой-өрісін кеңейту мақсатында қалалық «Флипчарт», «Тұсаукесер» қалалық конкурстары өткізіледі. Әр мектеп интернет-ресурстарының білім беру сайттарымен жұмыс істейді, мектептің веб-сайттарында орналасқан ақпараттарды жаңартады.

Онлайн режимінде жұмыс істеудің қолайлылығынан педагогтардың тамыз онлайн-кеңесін өткізуде білім беру мекемелерімен, өзге қалалар мен облыстардың білім және ғылым қызметкерлерімен тәжірибе алмасу мүмкіндігін алады.